Кәсіптік білім беру, жастарды жұмысшы мамандықтарына даярлау, мамандарды қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру – мемлекетіміздің білім беру саясатының негізгі бағыттарының бірі.
Ел экономикасының қуаты кәсіптік білім беру жүйесінің өндіріс орындарын білікті жұмысшылармен жеткілікті қамтамасыз етуіне тікелей тәуелді. Абай облысы бойынша биыл 282 адам кәсіптік оқытуға жолданған.
Үстіміздегі жылы Бородулиха ауданында жұмыс берушілердің өтініміне сәйкес, 19 адам «тігінші», «маникюр шебері», «бухгалтер», «шаштараз» және «электрослесарь» мамандықтары бойынша кәсіптік оқытудан өтті. Оның ішінде 17 адам жұмысқа орналастырылды. Ал 12 желтоқсан күні оқуды аяқтаған екі адамды тұрақты жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Түрғындар «И.А.Костенко» оқу орталығында 3 ай мерзімде білім алған. Оқыту барысында жұмыссыздарға мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді. Оқу аяқталғаннан кейін емтихан тапсырып, куәліктерін алды.
Өз тілшіміз