ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі (өткен 2023 жыл бойынша) 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорына ұсыну басталғанын еске салады.
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңы 41-бабының 5-тармағына сәйкес, мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті түрде керек.
Бұл Қазақстандағы отандық және шетелдік ҮЕҰ қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ азаматтарға, түрлі ұйымдарға (донорларға) және мемлекеттік органдарға үкіметтік емес ұйымдардың қызықты және табысты жобаларымен танысуға мүмкіндік береді.
Тиісті ақпарат ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес ұсынылады (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 402 бұйрығы. ҚР Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29765 болып тіркелді).
Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы жібере аласыз (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады).
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді тапсырмаған, уақытында тапсырмаған және анық емес немесе жалған мәліметтерді тапсырғандар ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталына кірген кезде Сіз өз қызметіңіз туралы мәліметтерді толтыру бойынша қадамдық алгоритм ұсынылған нұсқаулықпен таныса аласыз.