Жуырда Бородулиха ауданында Абай облысының еңбек мобильділігі орталығы мониторинг жүргізді. Оның аясында “Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру аясында ерікті түрде қоныс аудару” бағдарламасы шеңберінде ауданға қоныс аударған азаматтардың тұрғылықты мекен-жайында болуына, экономикалық мобильділік сертификаты аясында сатып алған үйлеріне мониторинг жасалды.
Жыл басынан бері Бородулиха ауданына 4 отбасы 16 адам қоныс аударушы, 7 отбасы 17 адам қандас көшіп келген. Бүгінде 6 отбасына тұрғын үй сатып алу үшін экономикалық мобильділік сертификаты беріліп, баспаналы болды. Сертификат тұрғын үй құнының 50 пайызы, бірақ 1160 АЕК-тен аспайтын мөлшерде беріледі. Сондай-ақ көшіп келушілерге көшіп келу шығындары, тұрғын үй жалдау ақысын өтеу бойынша көмек көрсетілді.
Мониторинг барысында халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау мақсатында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін берілетін қайтарымсыз грант алғандардың грант қаражатын мақсатты пайдалануы қаралды. Ағымдағы жылы Бородулиха ауданында 400 АЕК көлеміндегі қайтарымсыз грантты 7 адам алған. Олар мал шаруашылығы, жылыжай, фастфуд өнімдері, және үй жөндеу жұмыстары бойынша бизнес жоспарларын сәтті қорғап, бүгінде кәсібін дөңгелетіп отыр.
Абай облысының
еңбек мобильділігі орталығының
баспасөз қызметі