Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Отырысқа Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Сәуле Тұрсынқызы Урашева, депутаттар мен тұрақты комиссия мүшелері қатысты.
Шақырылғандар қатарында «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Эльдар Төлегенұлы Конорбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмағали Жарихманұлы Рахимов, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және БАҚ өкілдері болды.
Күн тәртібіне сәйкес «Мүгедек балаларға әлеуметтік қызмет көрсету, көрсетілетін қызметтердің оңтайлы көлемі» мәселесі бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р. Кабимоллаева хабардар етті.
«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы» Новошульба, Петропавловка және Жерновка ауылдық округтерінің әкімдері есеп берді.
Сонымен қатар, бүгінгі таңда өзекті мәселе ретінде «Ірі жемшөп дайындау бойынша шөп шабу науқанының қорытындылары және ірі қара мал мен ұсақ мал басының азаюын болдырмау мақсатында жеке аулалардың қыста жеткілікті азықпен қамтамасыз етілуі» қаралды. Бұл мәселе бойынша Андреевка, Зубаир, Новодворовка және Степной ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы А. Мартаев есеп берді.
«Бородулиха ауданының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жерді тиімді пайдалану жөніндегі шараларды іске асыру туралы» тақырыбында Бородулиха ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Ж. Мусин сөз сөйледі.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Жаныбекұлы ауданның автомобиль жолдарының техникалық жай-күйі, күтіп-ұстау және жөндеу мәселелері бойынша баяндама жасады.
Бірлескен отырыс соңында «Бородулиха ауданының халқын ауыз сумен қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы туралы» сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.а. А. Күзембаев баяндады.
Баяндамашылар депутаттар мен шақырылғандардың сұрақтарына жауап берді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді, оларды орындау мерзімдері белгіленді.
Бородулиха аудандық мәслихаты