Аудан әкімі жұмыс сапарымен Құнарлы ауылдық округіне барып қайтты.
Песчанка ауылындағы шағын футбол алаңының құрылыс барысымен танысты. Жобаны жүзеге асырушы «Barlau Montazh Astana» ЖШС. Жұмыстар кесте бойынша 31 шілдеге дейін аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда алаңды жоспарлау аяқталып, қоршауы орнатылды, кіреберісіне бетон құйылып, брусчаткадан жаяу жүргіншілер жолы төселді.
Сондай-ақ, Достық, Бурлаченко, Подстанция, Школьный және Садовый көшелерінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарын тексерді. Жалпы ұзындығы – 3,3 шақырымнан асады. Жұмысты «Зеленстрой Семей» ЖШС атқаруда. Қазіргі уақытта жол төсемін тегістеу, ПГС және қиыршық тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Тексеру аяқталғаннан кейін тауарларының бағасын білу мақсатында жергілікті әлеуметтік маңызы бар азық-түлік дүкеніне кірді. Мұндай сапарлар атқарылып жатқан істердің сапасына көз жеткізуге және қажетті шараларды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді.
«ЖУ» — ақпарат