Ағымдағы жылдың 7-9 қараша аралығында Бородулиха ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Жезкент поселкесінің тұрғындары үшін интернет-алаяқтыққа қарсы профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері азаматтарға онлайн-сатып алулар кезінде сақтық шараларын түсіндіріп, банктік карталарды, мессенджерлерді қауіпсіз пайдалану жолдарын үйретті. Сонымен қатар, интернет алаяқтарынан қорғану әдістері, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларды ажырату дағдылары қарастырылды.
Жезкент тұрғындарына нақты мысалдар арқылы киберқауіптерді болдырмау жолдары көрсетіліп, қажет болған жағдайда полицияға хабарласу тәртібі түсіндірілді. Профилактикалық іс-шараның мақсаты – тұрғындардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыру, алаяқтық әрекеттерден қорғануды қамтамасыз ету және киберқылмысқа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Полиция қызметкерлері мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр, бұл өз кезегінде қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздіктің деңгейін көтеруге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Бородулиха ауданы полиция бөлімі

