Облыс орталығы Семей қаласында Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен, Алғыс айту күніне орай «Ұрпақтан ұрпаққа» атты өнер байқауы өтті.
Байқауға Семей, Курчатов қалалары мен Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандарының командалары қатысты.
Бородулиха ауданынан Сағатбек Қоқым, Мадина Бастамиева және немересі Наргиз Қайратқызы қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жүлдегерлер дипломмен, қаржы сертификатымен және түрлі сыйлықтармен марапатталды.
Дайындық жұмыстарын жүргізген аудандық мәдениет үйінің әншісі, «Ақ жаулық» әжелер ансамблі, «Көзайым» вокал үйірмесінің жетекшісі Гауһар Шәйкенова болатын.
Өз тілшіміз