Спорт – денсаулық кепілі. Семей қаласында Абай облысының мемлекеттік қызметшілері арасында спартакиада өтті.
Волейболдан өткен жарыста Көкпекті, Ақсуат және Бесқарағай, Бородулиха аудандарының командаларын жеңген Бородулиха ауданының құрамасы финалға шықты. Финалдық ойындарда Жарма ауданының командасымен алғашқы кездесу 2:1 есебімен жеңіспен аяқталды. Бірінші орын үшін күресте біздің ауданның спортшылары Үржар ауданымен кездесу өткізді. Табанды күрес барысында екі партияда екі ұпай айырмашылығымен жеңіске жетіп, Бородулиха ауданының командасы 2 орынға ие болды. Альви Мартаев «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша марапатталды.
Өз тілшіміз