Әлемде адамдардың әрі-бері жүріп-тұруы мен қозғалуына ең қолайлы тораптың бірі – теміржол. Шойын жол алғаш пайда болған күннен бастап-ақ бір сәтке де өзінің өзектілігін жойған емес. Биыл Қазақстан Темір жолына 120 жыл толды. Атаулы мерекеге орай 3 тамыз күні Жарма ауданында қазақ күресінен ашық біріншілік өтті.
Жарысқа Семей және Шар қаласы, Жарма, Бірлік, Бақыршық, Қалбатау ауылдары мен Бородулиха ауданының спортшылары қатысты.
Тартысты өткен турнирде Батырхан Кенжеғали, Нұртай Уатханов, Алижан Төреханов, Ернұр Құмаров 1 орын алса, Нұрай Уатханова, Дильжан Искаков, Қазыбек Нұриддин жүлделі 2 орын алды. Ал Арнұр Құмаров, Асыл Кенжеков, Али Шингизов, Диас Айтқожаев, Әкежан Кеншбаев, Манат Жоламанов, Жігер Түркістанов, Нұржан Нұрали 3 орын алды. Осылайша, Қуаныш Байболов жаттықтырған спортшылар жалпы командалық есепте 2 орын алды. Жеңімпаз жерлестерімізді құттықтаймыз!
Өз тілшіміз