Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму – еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды»,- деген болатын.
Бүгінгі таңда «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды. «Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты: жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.
Жастар ресурстық орталығының «Жасыл ел» жасағы Бородулиха арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, өз көмектерін көрсетті. Жасақ жастары қызмет алушылармен танысып, орталық аумағын арам шөптерден тазартып, аумақты абаттандыруға атсалысты. Жалынды жастармен жүздесу қызмет алушыларға ерекше әсер етті, жүздерінен қуаныш лебі байқалды. Игі іс істеп жүрген «Жасыл ел» жасағына алғыс айтамыз.
Ю. Иргайбаева,
Бородулиха арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы директорының орынбасары