Жуырда Бородулиха ауданында әйелдер командалары арасында аудан әкімінің ауыспалы кубогына арналған волейбол турнирі болып өтті.
Аталмыш сайысқа үлкен даярлықпен келген командалар қатысып, өзара жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жалпы, аталмыш турнир барысында командалар арасындағы кездесулер мейлінше қызу әрі тартысты түрде өрбіді. Турнирге ауданымызға қарасты Переменовка, Зенковка ауылдарынан, Жезкент, Шүлбі кенттерінен, сондай-ақ Бородулиха ауылынан негізгі құрама мен Н. Островский атындағы мектеп командасы қатысты.
Көп ұзамай өзара іріктеліп, жүлделі орындар алған командалар да белгілі болды. Турнир нәтижесі бойынша 1-орынды Н. Островский атындағы мектеп командасы жеңіп алды. 2-ші орынды Бородулиха құрама командасы иеленсе, жүлделі 3-ші орынды Жезкент командасы қанағат тұтты.
Сайыс барысында барлық қатысушы арулар жеңіс жолында жігерлілік танытып, командалық рухты сақтай білді. Түйіндей айтсақ, бұл турнир нағыз спорт пен бірліктің жарқын мерекесіне айналды деуге толықтай негіз бар.
Өз тілшіміз