• RU
Воскресенье, 1 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Отандық өнеркәсіп

ЖАҢА КЕШЕННІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

21.05.2025
in Отандық өнеркәсіп
ЖАҢА КЕШЕННІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ
Share on FacebookShare on Twitter

Жуырда Семей қаласының іргесіндегі Шақаман ауылында ет және ет өнімдерін терең өңдейтін жаңа өндірістік кешеннің құрылысы салтанатты түрде басталды. Тек аймағымыз үшін ғана емес, байтақ еліміз үшін маңызды саналатын өнеркәсіп нысанының іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, «Eurasia Agro Semey» ЖШС құрылтайшылары – еліміз бойынша белді кәсіпкерлер санатындағы ағайынды Сайлау, Ерлан Мұқашевтар мен іргелі ауылшаруашылық құрылымдарының басшылары, сала ардагерлері де қатысты.

Айта кетейік, аталмыш жаңа кешен байырғы, даңқы күллі кеңес одағына жайылған Семей ет комбинатының жалғасы болмақ. Оған дәлел көп. Мәселен, аталмыш кәсіпорын толық қуатымен іске қосылған шақта бір ауысымда 35 тонна ет өнімін өңдеуге мүмкіндік береді. Мұнда ірі қара, қой және жылқы етін өңдеу арқылы сапалы шұжық, консервіленген өнімдер, жартылай фабрикаттар мен жоғары санатты ет деликатестері өндіріледі. Бұл өндіріс тері-былғары саласына қажетті шикізатты ұсыну арқылы өңірде толық өндірістік тізбекті, яғни өндірістің экожүйесін қалыптастырады.
Сонымен қатар қалдықсыз технологияларды қолдану арқылы экологиялық талаптарға толық сәйкес келеді. Мұның сыртында әлемдік деңгейдегі стандарттарға сай өнімдер өндірілмек. Себебі, алғашқы кезекте өнімдер Ресей мен Қытайға, кейінірек Иран, араб елдері тәрізді өзге де шетелдерге де экспортталатын болады. Яғни, болашаққа арналған амбициялық жобалардың ауқымы өте кең.
«Eurasia Agro Semey» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын, Австралия және Еуропаның заманауи технологиясымен жабдықталатын ет комбинаты жобасының құны 7,7 млрд теңгені құрайды. Жоба іске асқан шақта жалпы саны мың адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.
Тағы бір ерекшелік — ет және ет өнімдерін терең өңдейтін өндірістік кешен қалдықсыз өнім өндіреді. Яғни, сойылатын малдан алынатын барлық өнім кәдеге жарайды. Қан ұны, сүйек ұны әзірленіп, аймағымыздағы құс және мал шаруашылығына пайдаланылады. Тіпті, ірі қара мен ұсақ мал терісі де алғашқы өңдеуден өткізілетін болады.
Жоба бойынша 7 мың бас ұсақ малға арналған бордақылау алаңы дайындалған. Қазір 10 мың бас ірі қараға арналған алаң салу үшін қосымша жобалау жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жоба Абай облысын 2027 жылға дейін дамыту жоспарына енгізіліп, өңірлік және ұлттық деңгейде басымдыққа ие жоба ретінде танылып отыр. Мемлекет басшысы бұл бастаманы 2025 жылдың ақпан айында өткен жұмысшы мамандықтарының көрмесінде жеке атап өтіп, жобаның маңыздылығына назар аударған болатын. Сондай-ақ Президент Әкімшілігі тарапынан тұрақты бақылауға алынып, жобаның нақты іске асырылуына зор қолдау көрсетіліп отыр. Осынау орайда облыс әкімі Берік Уәли мұндай ауқымды инвестициялық жобаның өңір үшін маңызы аса зор екенін баса атап өтті.
-Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында «Агроөнеркәсіп кешенін индустрияландыруды белсенді түрде жалғастыру қажет» деп атап өткен болатын. Бұл кешен – тек өндіріс қана емес, мал шаруашылығын жүйелі дамытудың, бордақылау алаңдарын кеңейтудің, жаңа жұмыс орындарын ашудың және елді мекендердің әлеуетін арттырудың нақты үлгісі. Қазіргі таңда өңірдегі мал шаруашылығымен айналысатын азаматтар өсірген малын, тері өнімдерін лайықты бағада өткізе алмай жүр. Бұл ауыл еңбеккерлеріне нақты көмек болмақ. Сонымен қатар Абай облысына ғана емес, көрші Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының шаруаларына да үлкен қолдау болады деп ойлаймын. Өндірістік кешенді кезінде шет мемлекеттерге дейін өз өнімін экспорттаған Семей ет комбинатының қайта жаңғыруы, заңды жалғасы деуге болады. Осындай нақты жобаларды іске асырудың нәтижесінде шетелдік және отандық ірі инвесторлардың аймағымызға деген қызығушылығын арттыра аламыз. Мұндай жобалар олардың облыс агроөнеркәсіп кешеніне қомақты қаржы салуына сенімді негіз болады. Бүгінгі рәсім — өндірістік дамуға басқан символдық мәні зор алғашқы қадам. Аталған жобаның халық игілігіне қызмет етіп, өңірдің дамуына серпін беретініне сеніміміз мол, — деді бұл ретте аймақ басшысы.
Өндірістік кешенді 2026 жылы тамыз айында іске қосу жоспарланып отыр. Демек, жаңа кәсіпорында даярланған шұжық пен консерві өнімдері семейліктер дастарханына қойылар уақыт та алыс емес деген сөз.

Айкөркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Как избежать пожара при приготовлении пищи на открытом огне

Осторожно: начинается купальный сезон!

След из прошлого: раскрытие преступления в Зенковке

Работники культуры Бородулихинского района отмечены на областном уровне

Пополнение автопарка ПЧ-12 села Бородулиха

Прощание со школой

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.