Қазақ халқы қашан да ынтымақ, бірлік мәселесіне ерекше мән беріп, оны тірліктің тұтқасы, өмірдің өзегі ретінде бағзы заманнан бағалап келген.
Жуырда Бородулиха ауданының Белағаш ауылында «Қасым» мешітінде ауыл ақсақалдары қатысқан жиын өтті. Жиын барысында Белағаш ауылының имамы Р.Қонысбекұлы ынтымақ, бірлік, мұсылмандық, діни салт-дәстүр тақырыбында мұсылмандық жерлеу рәсімі, дүниеден өткен адамдарды еске алып ас беру, зират басындағы тазалықты сақтау туралы әдептерге тоқталып, сөз қозғады.
Жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Рахимов және ауыл ақсақалдары қатысты. Ауыл ақсақалы А.Ешенбаев жоғарыда аталған мәселелерді бірауыздан қолдап, бір жүйе бойынша тәртіпке келтіруге атсалысуға шақырды. Жиын соңында ауыл ақсақалдары бата беріп, тілектерін білдірді.
Р. Құрамысов,
Бородулиха ауданы Белағаш ауылының
ақсақалдар кеңесінің төрағасы