Ұстаздар күніне орай Бородулиха ауданының Мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. Шараға аудан әкімі Айдар Ибраев, білім беру ісінде үздік жетістіктерге жеткен ұстаздар, білім саласының ардагерлері мен аудан педагогтері қатысты.
Өз құттықтау сөзінде Айдар Маратұлы ұстаздың адам өміріндегі маңызы жайлы айтып, оқушыларды тәрбиелеу арқылы тұтастай ұлт тәлімгері болып отырған ұлағатты жандардың еңбектеріне табыс тіледі.
Шара аясында білім беру саласын дамытуға үлес қосып, өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруде жетістікке жетіп, кәсіби шеберлігін арттырған ұстаздар Оқу-ағарту министрінің алғыс хатымен, облыс және аудан әкімінің құрмет грамотасымен, білім басқармасы мен аудандық білім бөлімінің, кәсіподақ ұйымының алғыс хатымен марапатталды.
А.Жақып,
«Жаңа уақыт»