• RU
Понедельник, 2 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Тағзым

Ұлт руханиятының жанашыры

29.02.2024
in Тағзым
Share on FacebookShare on Twitter

Жүргенов Темірбек Қараұлы – Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері.

Темірбек Қараұлы Жүргенов есімі тек қана қазаққа ғана емес, иісі түркі жұртына мәлім. Ол Орта Азия мен Қазақстанға орта тұлға, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, қаламы қарымды сыншы-көсемсөз иесі саналады. Темірбек Қараұлы 1898 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (казіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған. 1917 жылы Уфа жер шаруашылығы училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп, қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. 1918 жылы «Қазақ мұңы» газеті редакциялық алқасының құрамына енді.Торғайдағы кеңестер съезін шақыру бюросының мүшесі болды. 1919 жылы Ырғыз уезі Кенжеғара болысы революциялық комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған.
1920 жылы БКбП қатарына өтіп, Ырғыз уездік революциялық комитетінің, уездік жұмысшы, солдат және шаруа депутаттары атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. 1921-1923 жылдары Орынборда жұмысшы факультетінде оқиды. 1923 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік уневерситетінің құқық факультетіне оқуға жіберілді. Онда оқып жүріп, Қазақ АКСР-інің Түркістан кеңестік республикасындағы өкілеті өкілі болып тағайындалады, Қазақ АКСР-і мен Түркістан Республикасының Орталық Атқару комитеттеріне мүше болып сайланады, өлкелік және республикалық партия ұйымдарының конференциялары мен пленумдарына қатысады. Орталық Азияда құрылған республикалар аумағының ұлттық-территориялық межеленуіне атсалысады. Бұл мәселе төңірегінде «Еңбекші қазақ», «Советская степь» газеттеріне мақалалары жарияланады.
1926 жылы Ташкенттің Қазақ педагогикалық институтының директоры болып тағайындалады. Институтқа академик В.В. Бартольд, профессор С.Е. Малов секілді ғалымдарды шақыртып, институт жұмысын жандандыруға күш салды. Жоғары оқу орындарына арналған саяси экономия және құқықтану пәндері бойынша оқу құралдарын қазақ тіліне аударды. Қазақ термелерінің жинағын құрастыруға атсалысты. 1929-1930 жылдары – Тәжікстан үкіметінің қаржы комиссары. 1930-1933 жылдары – Өзбекстан үкіметінің халық ағарту комиссары. 1933-1937 жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметерін атқарды. Ол Қазақстанның Халық ағарту комиссариаты жұмысына С. Аспандияров, Қ. Жұбанов, Ғ. Мүсірепов сияқты қайраткерлерді тартты. Жүргеновтің тікелей атсалысуымен Қазақстанда мектеп жүйесін реттеу және қазақ орта мектептерін көбейту туралы қаулы қабылданып, қазақ орта мектептерінің санының артуына негіз қаланды. Жүргенов Халық ағарту комиссариатын ұлтық мәдениетті өркендету штабына айналдырды.
Ол 1934 жылы Алматыда өткен Бүкілқазақстандық халық өнерпаздарының 1-слетін,1936 жылы Мәскеудегі Қазақстан өнері мен әдебиетінің онкүндігін негізгі ұйымдастырушылардың бірі болды. Онкүндік кезінде республикамыздың өзге де мәдениет қайраткерлерімен бірге Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Т. Жүргенов ұлттық мәдениет пен өнер саласы мамандарын даярлауға көп көңіл бөліп, қазақ жастарының КСРО-ның орталық қалаларындағы оқу орындарында білім алуына көмек көрсетіп отырды. М. Әуезов, Ж. Шанин, Ә. Қастаев және т.б. қайраткерлердің шығармашылық жұмыспен айналасуына жағдай жасады.
Темірбек Жүргенов Қазастанда алғашқы музыка театрын (қазіргі Қазақ опера және балет театры) ұйымдастыруға қомақты үлес қосты. Қазақ әндері туралы А.В. Затаевичке көптеген мәліметтер берді. 1937 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттықа кандидат ретінде ұсынылды. Т. Жүргенов 30-шы жылдардың басында әдеби сын мақалалар жазуға, соның ішінде театр сынына көбірек көңіл бөлген. Бұл өреде Б. Майлиннің (Шұға) пьесасының алғашқы қойылымына арналған рецензиясын атап айтқан жөн. Автордың пайымдауынша, ендігі жерде әдебиетке Меруерт тәрізді шарасыз бейнелер емес, Шұға сынды сындарлы, рухты, кесек образдар қажет.
Халық Ағарту комиссары екі тілде бірдей жазған алғашқы қайраткер-қаламгерлеріміздің бірі болды. Тілді жазушы еңбегінің құрылыс материалы ғана емес, мәдениеттің, білімнің іргетасы деп білген ол тіл туралы айтыстан шет қалмай, сол өредегі білікті де салмақты пікірлерін көп талқысына салып отырған. Қайраткердің қазақ тілінің түсініктілігі, мәдениетілігі, тазалығы туралы ойлары, әсіресе терминалогияға қатысты ұсыныс-пікірлері әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ.
Темірбек Жүргенов тіл қолданушыларды, әсіресе зиялы қауымды қазақ әдеби тілінің бұзылып, көпшілікке түсініксіз болуынан сақтандырды. Осы мәселені (Қазақ тіліндегі терминалогия мәселелері), (Қазақ әдеби тіліндегі келеңсіз жағдайлар) өз мақалаларында өрбітіп, 20-шы жылдары А. Байтұрсынов бастаған термин жасаудан ғылыми принциптерінен ауытқымдау, яғни термин сөздерді метаморфалау, морфологиялық және синтаксистік тәсілмен қазақтың төл сөздері мен ұғымдарынан жасау әдісін жалғастыруды, сонымен бірге аударуға келмейтін барабар (адекват) мағынасы жоқ халықаралық аталымдарды өзгеріссіз алуды ұсынды. Темірбек Жүргеновтің ана тілге деген сүйспеншілігі мен қамқор көзқарасын белгілі композитор Е. Брусиловский өзінің «Дүйім дүлдүлдер» атты мемуарлық кітабында төмендегідей сүйсіне еске алады.
«Жүргенов өз кабинетінде мәжіліс өткізбек болды. Шамамен алғанда отыз шақты кісі жиналды, ішінде тек екі адам — қарағандылық Б.Н. Оралов және мен ғана орыс жұртынан едік. Наркомның өзі де, басқа сөйлеушілер де тек қазақ тілінде сөйлеп отыр. Бір кезде Борис Николаевич орынан тұрды да Жүргеновтен қазақша сөйлемеуін өтінді, мұнда не жайында әнгіме болып жатқанын өзі ұқпай отырғанын, сөйлеушілердің ол түсінетіндей болуы үшін орысша сөйлеуі жөн екенін айтты. Бір кезде Жүргеновтің қара көздері ұшқындап кетті. Жұрттың бәрі бүкшие түсіп, тым-тырыс бола қалды. Сіз қайда отырсыз, Орлов жолдас. Ашу найзағайы үрейлене бүгжиген қайраткерлердің үстінен ойқастай шапшыды. Сіз қайда жүрсіз, өзіңіз, — деп Жүргенов дауысын бұрынғыдан бетер қатайта сөйледі. — Сіз Қазақстанға келдіңіз екен, егер де мұнда жұмыс істегіңіз келсе, сіз республиканың мемлекеттік тілін білуге міндеттісіз…. Сіз қазақ әндерін де орыс тілінде зерттемекшісіз бе, — деп өзге ұлттан қазақ тілін құрметтеуді талап етті.
Апыр-ай, ұлт намысы дегенде жанып кетер сондай батылдық бүгінгі қандас шенеуніктердің бойында болса ғой деп ойлайсың. Өкініштісі, басқа ұлттың бірлі-жарым өкілі отырса болды-ақ, бәрімізге түсінікті тілде сөйлейін, — деп, орысша сайрай жөнелетін дерттен біз әлі де арыла алмай жүрміз-ау. Қылышы жалындап тұрған сол 30-шы жылдардағы Жүргеновтің мәрттігі осы ұрпаққа зор тағылым. «Бүкіл дүниежүзілік мәдениетке өз ана тілімізді жақсы білгенде, соны үйренгенде ғана жетуге болады», — деген Темірбек Қараұлының сөзі бүгін өз көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.
Темірбек Жүргенов – ойы ұшқыр, қаламы қарымды публицист. Оның көсемсөз мұрасы бастауын үш нәрседен, жеке басының көшбасшылық, саясаткерлік және ұйымдастырушылық үздік қабілетінен алады. Бұған оның Қазақстандағы мәдениет революциясы, Қазақстандағы сауатсыздықты жою туралы кітаптары, саяси экономия оқулығы, Орта Азиядағы қазақ халқының күйлері, Қазақ педагогикалық институтын құру, Қазақ халқының ақындары мен жыршылары жайлы т.б. очерктері мен мақалалары жатады.
Қазақстандағы мәдениет, әдебиет, өнер саласының талантты ұйымдастырушыларының бірі, республиканың көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргенов өмірінің соңғы күндеріне дейін қазақ халқына, еліне адал қызмет етті, қалың жұртшылық арасында үлкен құрметке, зор беделге ие болды. 1937 жылғы 3 тамызда «халық жауы» деген жалған айыппен ұсталып, РКФСР Қылмыстық кодексінің 58-бабының 10-11-тармақтары бойынша ату жазасына кесілді. Қайраткердің зайыбы Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Ленинмен кездескен тұңғыш қазақ Әлімхан Ермековтің қарындасы Дәмеш Ермекова Темірбек Қараұлы атылған күні абақтыға жабылған,18 жыл ғұмырын АЛЖИР-де өткізген. Күйеуінің де өзінің де жазықсыз жазалағандығы жөніндегі ақтау қағазын алғаннан кейін ол бар күш жігерін игілікті іске сарп етумен келді.
Айнымас адал жарының қажырлы ізденістері нәтижесінде Жүргеновтің екінші, мәңгілік өмірі басталды. 1957 жылы КСРО Жоғары сотының әскери коллегиясы Темірбек Жүргеновті толық ақтағасын Дәмеш Ермекова жарының адал есімін халқына жаңғыртсам деп фольклорист М. Байділдаевпен көп шаруа тындырды. Қайраткердің 80, 90, 100 жылдық мерейтойларын атап өту тұрғысында естелік ретінде кітап шығарып, ерінің еліне істеген ерен еңбегін жұртшылыққа жариялап жүріп, өзі де өмірден өтті.
1993 жылы Алматыдағы Қазақ ұлтық өнер академиясына Темірбек Жүргеновтің есімі берілді. Алматы, Қызылорда қалаларында, Ақтөбе обылысының Ырғыз ауданы мен Қызылорда облысының Жалағаш аудандарында Темірбек Жүргенов есімімен аталатын мектептер мен көшелер бар. 1998 жылы Жүргеновтің 100 жылдығы республика көлемінде аталып өтті. Туған жері Жалағаш кентінде ескерткіш орнатылды. 2008 жылғы 14-15 қарашада туған жері Қызылорда, алғаш қызмет жолын бастаған Ақтөбе облыстарында қайраткер-қаламгердің 110-жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті. Ғылыми-танымдық конференциялар мен фестивальдар, әртүрлі мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Тілек Дуйсегелдіұлы,
Бородулиха ауданы,
Новопокровка ауылы

Жаңалықтар

Как избежать пожара при приготовлении пищи на открытом огне

Осторожно: начинается купальный сезон!

След из прошлого: раскрытие преступления в Зенковке

Работники культуры Бородулихинского района отмечены на областном уровне

Пополнение автопарка ПЧ-12 села Бородулиха

Прощание со школой

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.