Жеңіс күні адамзат тарихында жақсылықтың зұлымдықты жеңген, фашизмді біржолата тізе бүктірген айтулы күн ретінде мәңгілік есте қалады. Бұл күні біз Отан үшін опат болған марқұмдардың рухына тағзым етеміз. Сонымен бірге, өздерінің адалдығымен, жеңіске деген мызғымас күш-жігерімен, өнегелі өмір жолындағы қажырлы еңбегімен әлемге жасампаздықтың жарқын үлгісін паш еткен көзі тірі ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетеміз.
Өйткені, бұл – Отанға, адамзатқа аянбай қызмет етудің шынайы көрінісі.
Мерекеде аудандағы мекемелер мен ұйымдардың басшылары тыл еңбеккерлерінің шаңырағына барып, құрмет көрсетті.
Бородулиха аудандық білім бөлімінің басшысы Д.Илиясов сол кездегі Семей облысы Новошульба ауданы Девятка ауылының тумасы, тыл еңбеккері Лымарь Нина Васильевнаны құттықтап қайтты. Кездесу барысында тыл еңбеккері балалық шағын еске алып, соғыс жылдарындағы қиыншылықтар жайлы баяндады әрі тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуын тіледі.
Әже алғысын алған білім бөлімінің басшысы Д.Илиясов тыл ардагеріне естелік сыйлық табыс етіп, жылы лебізін білдірді.
Өз тілшіміз