Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды тапсырды. Осы орайда кез келген деңгейдегі билік өкілдері жергілікті тұрғындардың талап-тілегіне назар аударуда. Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев та үнемі ауылдық округтерде болып, тұрғындармен жүздеседі, апта сайын қоғамдық қабылдау өткізеді.
Аудан басшысының осы аптадағы қабылдауына бірнеше тұрғын келді.
Қабылдау барысында тұрғындар денсаулық сақтау саласына, атап айтқанда, балаларды тамақтандыруға қатысты мәселелерді көтерді. Сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал санаттарына тұрғын үй бөлу мәселесі қаралды.
Барлық мәселелерді өз бақылауына алған Айдар Маратұлы тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, жедел түрде қарастыру қажеттігін баса айтты.
Ай-Көркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»