Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындардың мәселесі алуан түрлі.
Мектепке дейінгі мекемеге баратын балалардың мәселесі бойынша жүгінген ата-аналарға білім бөлімінің басшысы олардың өтініштері ескерілетінін және оң шешілетінін айтты. Сондай-ақ, жуырда тұрғын үйі отқа оранып, салдарынан баспанасыз қалған жас отбасы келді. Халық қолдауымен жиналған қаражаттың баспана сатып алуға жеткіліксіз екендігін айтып, көмек сұрады. Бұл отбасыны қолдау үшін қалған соманы жинау мақсатында барлық күш-жігер жұмсалатыны айтылды.
Аудандық Шығармашылық үйінде әр түрлі үйірмелерге қатысатын балалардың ата-аналары ғимаратқа қатысты мәселе көтеріп, оның шешім табуына қолдау көрсетуді сұрап, ұжымдық өтініш түсірді.
Сонымен бірге, балаларға арналған тағамды алу туралы да сауал болды. Барлық өтініштер қабылданып, аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма берді.
Ай-Көркем МАҚЫШ,
«Жаңа уақыт»