Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді. Отырысқа аудандық мәслихат төрағасы Сәуле Урашева, депутаттар — тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері, «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Гүлмира Ильяшева, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ауылдық және кенттік округтердің әкімдері, жұртшылық, БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, ауыл шаруашылығы құрылымдарының көктемгі егіс жұмыстарына дайындығы туралы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы В.Журин ақпарат берді. Кезекті мәселе — Бородулиха ауданындағы криминогендік жағдайдың жай-күйі мен даму үрдісі туралы, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы жергілікті полиция қызметінің бастығы Р.Ксембаев баяндаса, аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша аудандық аурухананың бас дәрігері М.Қосамбеков ақпараттандырды. Бородулиха ауданының қаржы бөлімінің басшысы Ю.Сутормина 2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жайлы мәлімет айтса, ауылдық және кенттік округтерідің әкімдері өткен жылға арналған округ бюджетінің атқарылуы туралы есеп берді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді.
Өз тілшіміз