ШҚО-да жақын күндері күн райы жылынып, жауын-шашын мөлшері артады.
«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалына байланысты өңірде тұрақсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
— Ауа температурасы күндіз 3-5 градусқа дейін көтеріледі. Айдың соңында қар жауып, борна соғуы мүмкін, — деді «Қазгидромет» ШҚ филиалының басшысы Ләззат Болатқан.
Келесі аптада облыс орталығында ауа райы айтарлықтай жылынады. Ауа температурасы күндіз +5 градусқа дейін көтерілуі мүмкін, түнде -2… -7 градусқа дейін суытады.