Бородулиха ауданында полиция полковнигі Дәуір Болатұлы Ибраевты еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті.
Дәуір Ибраев Шығыс Қазақстан облысының тергеу бөлімдерінде еңбек етіп, Бородулиха және Шемонаиха аудандарының ішкі істер бөлімдерін басқарған, 2016 жылдан бастап Өскемен полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.
Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімі Айдар Ибраев, Дәуір Болатұлының туыстары, спортшылар, аудан тұрғындары қатысты.
Айдар Маратұлы өз сөзінде бұл турнир тек спорттық жарыс емес, сонымен қатар өз еліне жоғары кәсібилікпен қызмет еткен тұлғаны еске алу шарасы екенін атап өтті.
Аяқдоп аламанына 4 команда қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен ойынның қорытындысында бірінші орынды «Динамо» командасы, екінші орынды өрт сөндіру бөлімінің командасы, үшінші орынды Бородулиха полиция бөлімінің командасы жеңіп алды.
Жүлдегерлер дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
«ЖУ» — ақпарат