Бородулиха ауданының Подборный ауылдық округінде жаңа шағын футбол алаңының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары М.Табылдин, ауылдық округ әкімі А. Шалгумбаев, аудандық мәслихат депутаты А.Кудушев және ауылдық округ тұрғындары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары М.Табылдин өз сөзінде: «Осы тамаша күні біздің бастамамызды қолдаған барлық адамдарға шын жүректен алғыс айтқым келеді. Мұндай алаңдардың құрылысы айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет ететіндігін, әрине, бәрі түсінеді. Сонымен қатар, мұнда ауыл тұрғындарының бастамасы маңызды рөл атқарды. Халық пен биліктің бірлескен күш-жігері оң нәтиже берді. Сондықтан баршаңызды шағын футбол алаңының сәтті ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», — деп атап өтті ол.
Сөз кезегін алған аудандық мәслихат депутаты А. Кудушев алаңның ашылуымен құттықтап, ауылдан. ауданнан аяқдопқа әуестенген чемпиондар тәрбиеленіп шығатынына сенім білдірді.
Ресми бөлім аяқталып, алаң лентасы кесілгеннен кейін шағын футболдан турнир өтті. Турнирде ауданның жас футболшылары өздерінің шеберліктері мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді.
Бородулиха ауданының әкімдігі