Семейде сайлауға дауыс беру тұрақты жүріп жатыр. Қарапайым тұрғындардан бастап, елімізге белгілі тұлғалар әулеттерімен келіп өз дауыстарын беріп, таңдауларын жасауда.
Аманкелді Ердембеков №16 мектепті 1966 жылы аяқтап, жолдасы екеуі педагогикалық мамандықты таңдаған. Жарма ауданындағы Қарасу ауылындағы мектепте бес жыл директор орынбасары, кейінен 35 жыл директоры болып, ұрпақ тәрбиесіне зор үлес қосты.
-Бүгін міне елімізде үлкен науқан өтіп жатыр. Жаңа Қазақстан болып сайлау өткізіп жатырмыз. Осыдан бір жыл бұрын Мемлекет басшысы жолдауында көп жаңалықтар болатындығын айтқан болатын. Қазір елімізде көп жақсы өзгерістер болып жатыр. 25 жылдан кейін жаңа Абай облысы ашылды. Облысымыз дамып, жақсарады деген үміт көп. Себебі даму бағдарламасы қабылданып, қаражат бөлінді. Сондықтан ел дамуына әр адам өз үлесін қосу керек. Бүгінгі айтарым мен сайлауға әулетіммен келіп отырымын. Себебі бұл біз үшін өте маңызды, -дейді Аманкелді Ердембеков
Елінің дамуына тілеулес болып отырған әулет үлкені жолдасымен екі ұл, үш қыз тәрибелеп өсірді. Балаларының барлығы білім саласында абыройлы қызмет жасап отыр. Бүгінде немересінің бірі №37 мектепте инфарматика пәнінің мұғалімі.