Бородулиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, аудандық әкімдік өкілдері, Жастар ресурстық орталығы және еріктілер бірлесіп, жеке тұрғын үйлерді аралап профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Рейд барысында қатты отынмен жылытылатын екі қабатты үйлер тексеріліп, тұрғындарға пешті қауіпсіз пайдалану, электр желілерін және тұрмыстық электр құралдарын дұрыс қолдану туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік жағынан осал отбасыларға ерекше назар аударылып, олардың үйлеріндегі мұржалар тазартылды. Бұл – тұрмыстық өрттердің алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шара.
Мамандар қыс мезгілі басталғанда пеш пен электр желісінің күйін үнемі бақылаудың маңыздылығын еске салды.
Бородулиха ауданының
жастар ресурстық орталығы
