Бородулиха ауданы полиция бөлімінде ІІО ардагерлері және тәлімгерлер кеңесінің төрағасымен салтанатты кездесу өтті.
Салтанатты кездесуде Бородулиха ауданы полиция бөлімінде ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктер тапсырылды.
Жас қызметкерлерге арнап сөз сөйлеген бөлім басшылығы, ардагерлер мен тәлімгерлер олардың құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жолында үлкен жауапкершілік жүктелген маңызды өмірлік жолды таңдағанын атап өтті. Ардагерлер өз сөздерінде қызметтік ар-намыс, антқа адалдық, ұрпақтар сабақтастығы және жас мамандарды тәрбиелеудегі тәлімгерліктің маңыздылығына ерекше назар аударды.
Жас қызметкерлерге алғашқы қызметтік куәліктер табыс етілді. Бұл рәміздік сәт олардың құқық қорғау саласындағы кәсіби жолының бастамасы болды. Куәлікті басшылық өкілдерінің қолынан алу – жас қызметкерлер үшін тек құрмет белгісі ғана емес, сонымен қатар ішкі істер органдарындағы қызметтің жай ғана жұмыс емес, қоғамға қызмет ету екендігін еске салар маңызды сәт болды.
Кездесу пікір алмасу, жылы лебіздер айту және естелік суретке түсумен аяқталды. Ардагерлер жас әріптестеріне кәсіби тұрғыда қолдау көрсетіп, тәжірибе бөлісуге әрдайым дайын екендіктерін жеткізді.
Мұндай кездесулер корпоративтік мәдениетті нығайтуға, жас қызметкерлерге құқықтық тәртіп пен заңдылықты қамтамасыз етудегі маңызды миссияға деген жауапкершілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.
Өз тілшіміз