Аудан әкімдігінде ауылдық және кенттік округ әкімдерінің, дербес бөлім басшыларының қатысуымен жиын өтті.
Күн тәртібінде тұрғындар жиі көтеретін өзекті мәселелер қаралды. «Таза Қазақстан» акциясы аясында округ әкімдеріне аумақтарды тазарту, қоқыс шығару және жасыл аймақтарды абаттандыру жұмыстарын белсенді жалғастыру тапсырылды.
Сонымен қоса, Жезкент кентіндегі қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару мәселесі көтеріліп, полигонға арналған жер телімін рәсімдеу жұмыстарының қарқынын арттыру қажеттігі айтылды.
Бұдан бөлек, жаңадан ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмысын ұйымдастыру, мамандармен қамтамасыз ету, кесте құру, санитарлық талаптарды сақтау бойынша тапсырмалар берілді.
Жиында ерекше назар аударылған тағы бір бастама — мұқтаж жандарға бағытталған қайырымдылық қорын құру туралы ұсыныс. Бұл мәселе жан-жақты зерделеуді талап еткенімен, бастама қолдау тауып отыр.
Жиын соңында аудан әкімі әрбір көтерілген мәселе бойынша нақты тапсырмалар беріп, орындалу мерзімі белгіленді.
Өз тілшіміз