Өткен аптада Бородулиха ауылы мен Жезкент кентінде екі өрт оқиғасы орны алды. Екі жағдайда да электр сымдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелері талаптарының бұзылуы басты себеп болды. Үй иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 410-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ, Бородулиха аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің мобильді тобы профилактикалық рейд барысында қоқыс пен құрғақ шөпті жағу бойынша бір бұзушылықты анықтады. Мұндай жағдайда ҚР ӘҚБтК-нің 336-бабы бойынша жауапкершілік қарастырылған. Ауыл шаруашылығы алқаптарында рұқсат етілмеген күйдіру, құрғақ шөпті бақылаусыз жағу, сабан өртеу, орман және дала алқаптарында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 1, 2, 410-бөлімдерінің 336-баптары,1 , 367-бөлімдері,1,2, 3-бөлімдері бойынша әкімшілік жауапкершілікке алып келеді. Адам өміріне зиян келтірілген және ірі материалдық залал келтірілген жағдайда Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқық бұзушылық туралы Кодексінің 292-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделген.
Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары мен қонақтары!
Бородулиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауларыңызды сұрайды! Өрт болған жағдайда дереу өрт сөндіру бөліміне «101», «112»; «9101» телефоны арқылы хабарлаңыздар!