Өткен аптада Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті Бородулиха ауданының Новая Шульба ауылындағы №19 өрт сөндіру бөліміне жаңа көлік сыйға тартты. Камаз АЦ 5-40 өрт сөндіру техникасы төтенше жағдайларды жою кезінде жеделдікті арттыра түспек.
Жаңа техниканы пайдалану өрт пен төтенше жағдайда олардың зардаптарын азайтуға, авариялық-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізуге және өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру көлігінің сыйымдылығы 5000 литр, секундына 600 литр болатын автоматтандырылған сорғымен жабдықталған. Гидравликалық құтқару құралдарына қосымша екі жиынтық бар. Жүргізушіні қосқанда бір көліктегі экипаж 6 адамнан тұрады.
Жаңа көлік бөлімше атқаратын жұмыстардың сапасын арттыруға септігін тигізетініне сенімдіміз.
Өз тілшіміз