Бородулиха ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері Петропавловка ауылдық округінде алдағы жылыту маусымына дайындық аясында кең ауқымды рейд ұйымдастырды.
Шара барысында мамандар ауыл тұрғындарымен кездесіп, тұрмыстық қауіпсіздік талаптарын түсіндірді. Әсіресе пеш пен мұржаларды уақытылы тазалау, жылыту жабдықтарын дұрыс пайдалану, электр сымдарының жарамдылығын тексеру мәселелеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, тұрмыстық газ және электр құралдарын қолдану кезіндегі сақтық шаралары егжей-тегжейлі түсіндірілді.
Рейдтің басты мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру, өрттің алдын алу және әрбір отбасының амандығын сақтау. Қызметкерлер халыққа өрт болған жағдайда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндіріп, жадынамалар таратты.
– «Қауіпсіздік – ең алдымен әркімнің өз жауапкершілігі. Пеш пен қазандықты қадағалап отыру, электр құралдарын дұрыс пайдалану – отбасыңызды қорғаудың басты кепілі», – дейді ТЖБ қызметкерлері.
Мамандар алдағы уақытта да осындай алдын алу шараларын жалғастыра беретінін жеткізді.
Есіңізде болсын: қауіпсіздік – өз қолыңызда!
Бородулиха ауданы ТЖБ