• RU
Понедельник, 2 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Кеңейтілген кеңес

Өңіріміз өркендеп келеді

12.06.2024
in Кеңейтілген кеңес
Share on FacebookShare on Twitter

Ширек ғасыр Шығыс Қазақстан облысының құрамында болған өңіріміз ұлы ақын атындағы облыс болып қайта құрылғанына 2 жыл болды. Өткен аптада Семей қаласында Абай облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өтті. Жиында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, орынбасарлары Димитрий Гариков, Әділбек Мұсабаев, қаржы басқармасының басшысы Әділет Қожанбаев, Абай облысы мәслихатының төрағасы Қуаныш Сүлейменов, TASGROUP компаниялар тобының басқарушысы Дулат Тастекеев және Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдірәлиев баяндама жасады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи шешімімен Абай облысының құрылғанына екі жыл толуына орай өткен кеңейтілген кеңеске жиналғандардың қарасы қалың болды. Алдымен облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірдің осы екі жыл ішіндегі әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ауқымды баяндама жасады.
— Баршаңызға белгілі, былтыр дәл осындай форматта өздеріңізбен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде үлкен жиын өткізген болатынбыз. Сол кезде бұл жиын дәстүрлі түрде жыл сайын өтетінін айтқанмын. Міне, бүгін, араға жыл салып, екінші мәрте облыстың барлық деңгейдегі әкімдерінің, мәслихат депутаттарының, құқық-қорғау органдары басшыларының, қоғам өкілдерінің және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген форматтағы кездесуде қайта жүздесіп отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тарихи шешімімен құрылған Абай облысына ертең тура екі жыл толады. Сондықтан өткенге есеп беріп, алға қойған мақсаттарымызды тағы бір мәрте айқындап, жоспарларымызды нақтылау қажет. Қысқа уақыт ішінде атқарылған жұмыс аз емес. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық көрсеткіштері бойынша оң нәтиже бар. Соның барлығы сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстың нәтижесі деп білемін,- деді облыс әкімі Н.Ұранхаев.
Облыста тұрғын үй құрылысы, жол жөндеу, инфрақұрылымды жаңарту, әлеуметтік нысандар салу сынды маңызды салалар бойынша жұмыстар жалғасуда. Облысты дамытудың кешенді жоспары қабылданды. Жаңадан Мақаншы және Жаңасемей аудандары құрылды.
— Біздің басты мақсатымыз — Президент реформаларын сапалы жүзеге асырып, Үкіметтің алға қойған тапсырмаларын орындап, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту және табысын көбейту. Жиналыстың осындай форматта өтуі кездейсоқтық емес, себебі қарастырылатын мәселелер осы жерде қатысып отырған биліктің барлық тармақтары өкілдерінің, қоғамдық институттары және Абай облысымен байланысы бар әрбір азаматтың тиімді және бірлескен жұмысын талап етеді,- деді облыс әкімі Н.Ұранхаев.
Кеңес барысында облыстық қаржы басқармасының басшысы Әділет Қожанбаев, облыс әкімінің орынбасарлары Димитрий Гариков және Әділбек Мұсабаев өздері жетекшілік ететін салалары бойынша өткен жылдың қорытындылары мен қысқа және орта мерзімді кезеңдерге арналған жоспарлар туралы толығырақ баяндады.
— Құрметті жиналысқа қатысушылар! Жүргізіліп жатқан жоспарлы саяси реформалар аясында басқарушылық шешімдер қабылдауда жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі ерекше. Бүгінгі кеңеске біз барлық деңгейдегі әкімдерді ғана емес, мәслихаттардың барлық депутаттарын, қоғамдық кеңестердің мүшелерін де шақырғанымыз кездейсоқтық емес. Жергілікті жерлерде сіздердің барлықтарыңыз ортақ мақсат жолында халықтың өзекті мәселелерін шешу үшін сындарлы арнада сапалы жұмыс істеулеріңіз қажет. Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда айтылған бастамаларын іске асыру аясында қоғамды нығайту және бір арнаға шоғырландырудағы халық пен мемлекеттік басқару органдарының өзара іс-қимылы аса маңызды фактор екені сөзсіз,- деген облыс әкімі Нұрлан Тельманұлы келесі сөз кезегін облыстық мәслихаттың төрағасы Қуаныш Сүлейменовке берді.
— Осыдан 2 жыл бұрын, 8 маусымда, Абай облысы қайта құрылған еді. Облыс бюджеті 2022 жылы 260,3 млрд теңге болса, биыл 447,4 млрд теңгені құрайды. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 187,1 млрд теңгеге артық. Яғни 2 жыл ішінде облыс бюджеті 72 пайызға өсті. Абай облысы мәслихатының VIIІ шақырылым депутаттары осы уақытқа дейін 15 сессия отырысын өткізді, оның ішінде 4-еуі — кезекті және 11-і — кезектен тыс отырыстар. Екі көшпелі сессия Жарма және Аягөз аудандарында өтті,- деді облыстық мәслихат төрағасы Қуаныш Сүлейменов.
Өңірдің дамуы мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың жұмысымен ғана шектелмейтіні анық. Жалпы, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуда, инфрақұрылым мен жұмыс орындарын құруда бизнестің рөлі аса маңызды. Осы орайда ауылдық елді мекендерді қолдау, сондай-ақ өңірдің жалпы дамуы мәселесіндегі мемлекет пен бизнестің өзара байланыс тетіктері туралы TASGROUP компаниялар тобының басқарушысы және иесі Дулат Тастекеев баяндама жасады.
Биыл ел Президенті өзінің Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар әкімшілік және саяси реформаларды ұсынған болатын. Соның бірі қала және аудан деңгейіндегі әкімдерді тікелей дауыс беру арқылы сайлау. Бұл – демократиялық, әлеуметтік, құқықтық бағытты таңдап алған еліміз үшін дамудың жаңа кезеңі екені сөзсіз. Былтыр қараша айында тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет пилоттық режимде еліміздің 45 өңірінде әкімдердің сайлауы өтті. Соның ішінде Абай облысы бойынша Курчатов қаласы мен Абай ауданының әкімдері сайланған болатын.
Кеңейтілген кеңесте сол пилоттық режимде сайланған әкімдердің бірі Курчатов қаласының әкімі Болат Әбдірәлиев өзінің сайлауалды бағдарламасының іске асу барысы және алға қойған жоспарлары туралы баяндама жасады.
Кеңейтілген кеңесті облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қорытындылады.
— Құрметті жиналысқа қатысушылар! Жалпы, атқарушы және өкілетті билік, қоғамдық кеңестер, басқарудың барлық деңгейлерінде өзара тығыз байланыста болуы қажет. Себебі әрбір сатыда өзіндік сипаты бар мәселелер өте көп. Сондықтан біздің өзара байланысымыздың тиімділігіне қарай, жұмысымыздың нәтижесі де оң болады деп санаймын. Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірдің барлық аймақтарында сапалы орындалуы қажет. Біздің ортада экологиялық мәдениет қалыптасуы керек, тазалық — денсаулықтың кепілі, облыстың айнасы. Ел Президенті атап өткендей, «Шын мәнінде елімізді көгалдандыру, абаттандыру — үлкен мемлекеттік маңызы бар іс. Бұл бүгін шығып, ертең ұмытып кететін бір реттік науқан емес. Аталған жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Туған жерімізді таза ұстауымыз керек. Бұл — жалпыұлттық мәселе». Сондықтан сіз бен біз болып осы бағыттағы бірлескен жұмысымызды жалғастыруымыз қажет. Осымен, бүгінгі күн тәртібіндегі барлық сұрақ қаралды. Жиналыс басында атап өткенімдей, біздің кездесудің осындай кеңейтілген форматы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін болады. Себебі атқарылған жұмысқа есеп беріп, алға қойған мақсаттарды анықтап, болашақ бағдарды анықтауымыз керек. Оған сіздердің қолдауларыңыз қажет! Елдің келешегі баршамызға ортақ! Ел іргесі аман, жұрт тыныш, болашағымыз баянды болсын! – деп түйіндеді сөзін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Жаңалықтар

Как избежать пожара при приготовлении пищи на открытом огне

Осторожно: начинается купальный сезон!

След из прошлого: раскрытие преступления в Зенковке

Работники культуры Бородулихинского района отмечены на областном уровне

Пополнение автопарка ПЧ-12 села Бородулиха

Прощание со школой

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.