Жуырда Абай облысы спорт басқармасының және аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен Бородулиха ауданының Төлеубай Аманов атындағы орта мектебінде Дзюдо күресінен облыстық ашық турнир өтті.
Жарысқа Семей, Шар, Курчатов қаласынан және Көкпекті, Жарма аудандарынан жас спортшылар келіп қатысты. Жезкент лицейінің, Жезкент орта мектебінің, Әлихан Бөкейхан атындағы орта мектептің, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектептің және «BATYR» спорттық-патриоттық клубының спортшылары Бородулиха ауданының намысын қорғады. Жарыс нәтижесінде 52 келі салмақ дәрежесінде Нұрай Уатханова 1 орын, 29 келі салмақта Батырхан Кенжеғали 2 орын, 42 келі салмақта Арнұр және Ернұр Құмаровтар 3 орын алды.
Командалық есепте 1 орынды Жастар сарайы жеңіп алса, 2 орынды Көкпекті ауданына, 3 орынды Водный командасына бұйырды.
Жарысты жоғары дәрежеде ұйымдастырған Бородулиха ауданының Балалар- жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Ержан Құсаиновқа, «BATYR» спорттық патриоттық клубының ата-аналарына, жарыста медициналық сақтандыру көмек жасауға әзір болған Петропавловка ауылының фельдшерлеріне алғыс айтамыз. Жарысқа демеуші болған аудан кәсіпкерлеріне риясыз ризашылығымызды білдіреміз.
К. Байболов