Есірткі ең алдымен жүйке жүйесіне, сондай-ақ бүкіл адам ағзасына ерекше әсер етеді. Нашақорлық – бұл адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қауіпті ауру. Нашақорлық адамға апатты түрде зиян келтіреді. Өтірік, сатқындық, қылмыс, отбасының бұзылуы, өлімге әкелетін аурулар – бұл нашақорлықтың серіктері.
26 маусым – Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне орай, Бородулиха ауданында жастар арасында нашақорлықтың зияны туралы ақпараттық акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдерді психоактивті заттарды қабылдаудан өз бетімен бас тартуын, жастардың арасында азаматтық және патриоттық сезімдерді қалыптастыру, жас азаматтар арасындағы ауру, нашақорлық, қылмыс деңгейін төмендету, салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды.
Іс-шараны Жастар ресурстық орталығының еріктілері ұйымдастырып, аудан орталығының көшелерінде тұрғындарға есірткінің зияны туралы парақшалар таратты.
Ақ жейде киген еріктілердің арқасында: «Біз нашақорлықсыз болашақты таңдаймыз» деген ұран жазылды. Бұл – жастардың салауатты өмір салтын насихаттауға және қоғамның назарын маңызды мәселеге аударуға арналған нақты үндеуі.
Нашақорлық – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Әрқайсымыз осы дертке қарсы күресте белсенді болуымыз қажет.
«ЖУ» ақпарат