Новодворовка ауылдық округінде жас ұрпаққа туған жердің тарихын таныстыруға арналған тағылымды іс-шара өтті. Шара ауылдық Мәдениет үйі мен кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен ауыл мұражайында өтті.
Мұражай төрінде өткен кездесудің құрметті қонағы, Ардагерлер кеңесінің мүшесі Людмила Степановна Неловченко болды. Ол жас буынға ауылдың өткен тарихы жайында мазмұнды әңгіме айтып, жәдігерлердің мән-мағынасын түсіндірді.
Балалар үшін бұл тек экскурсия емес, туған жердің тамырлы тарихына жасалған әсерлі саяхат болды. Оқушылар ата-бабаларымыздың тұрмыс-тіршілігімен, ауылдың қалыптасу жолымен және құнды тарихи жәдігерлермен танысып, өз өлкесінің өткені туралы мол мағлұмат алды.
Әңгіме барысында жас буынның туған жерге деген сүйіспеншілігі артып, тарихқа құрметпен қарау сезімі қалыптасты. Мұражайдан үлкен қуанышпен шыққан оқушылар ата-бабалар аманатын қадірлеудің маңыздылығын түсінді.
Осындай тағылымды іс-шаралар ауыл тарихын ұмыттырмай, жас ұрпақтың жүрегіне елін, жерін сүю сезімін ұялатады.
А.НЕСІПБАЕВА