10 қазан күні Бородулиха аудандық мәслихатының VIII шақырылымдағы кезекті XXXVI сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрайымы Сәуле Тұрсынқызы Урашева жүргізді.
Жиынға аудан әкімі Айдар Маратұлы Ибраев, аудан әкімінің орынбасары Нұркен Олжабекұлы Қазембеков және құқық қорғау органдарының басшылары қатысты.
Шақырылған қатысушылардың қатарында аудандық мекемелер мен ұйымдар басшылары, дербес бөлім басшылары, ауылдық және кенттік округ әкімдері, аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері болды.
Сессия барысында халықтың әлеуметтік өмірі мен ауданның экономикалық дамуына тікелей қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Алдымен аудан әкімінің орынбасары Нұркен Қазембеков «2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары» туралы баяндама жасады. Ол тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың, коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығын атап өтіп, атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
Сондай-ақ сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
«Бородулиха ауданында сүтті және етті мал шаруашылығын дамыту туралы», «Денсаулық сақтау жүйесінің жұмысы туралы», «Коммуналдық меншікті басқарудың жай-күйі туралы», «Ауыл-Ел бесігі» жобасын іске асыру аясында Бородулиха ауданының әлеуметтік-экономикалық әлеуетін дамыту туралы».
Әрбір сұрақ бойынша баяндамашылар нақты деректер келтіріп, депутаттар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Сессия соңында аудандық мәслихат депутаты Айтуған Ғабдулғазизұлы Құдұшевтың «Агроөнеркәсіптік кешен, экология, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысы туралы» есебі тыңдалды. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, атқарушы органдарға нақты ұсыныстар берілді..
«Әртүрлі» бөлімінде көтерілген мәселелер бойынша да шешімдер қабылданды.
Бұл жолғы сессия ауданның әлеуметтік дамуына, ауыл шаруашылығы саласын жандандыруға, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған шешімдерімен ерекше болды.
Бородулиха аудандық мәслихаты