Семей қаласында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтіп жатыр. Спартакиадада үстел теннисінен аудан намысын қорғаған аудан әкімінің орынбасары М.Табылдин және Жерновка ауылдық округінің маманы К.Романенко үздік нәтиже көрсетті.
Ерлер мен әйелдер арасында жеке есепте өткен жарыста Мағжан Еренғайыпұлы 1 орынды, ал Кристина Максимовна 2 орынды иеленді. Жиналған ұпай санына сәйкес біздің ауданның командасы турнир кестесінде ең жоғары орынға ие болды.
Өз тілшіміз