Бородулиха ауданындағы барлық мектептер 19 қарашадан бастап қашықтықтан оқыту форматына өтті. Бұл шешім өңірде ЖРВИ және «Гонконг» гриппінің тіркелген жағдайларының өсуіне байланысты қабылданды, — деп хабарлады Бородулиха ауданы білім бөлімінен. Аудан бойынша 22 мектеп – 2088 оқушы уақытша қашықтықтан оқуға көшті.
Сарапшылардың айтуынша, шешімнің негізгі себебі – күзгі-қысқы кезеңде ЖРВИ ауруларының күрт өсуі. Абай облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметіне сүйенсек, 1 қазан мен 13 қараша аралығында 32 246 жағдай тіркелген, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 есе көп (2019 жылы 14 047 жағдай болған). Ерекше түрде балалар арасында аурулардың өсуі байқалады – барлық жағдайлардың 64,8%-ы жасөспірімдерге тиесілі. Оқушылар арасындағы ЖРВИ жағдайлары 5 558-ді құрап, бұл жалпы көрсеткіштің 17,2%-ын құрайды.
«Гонконг» гриппі туралы не білеміз?
Бұл эпидемиологиялық кезеңде дәрігерлер А типті H3N2 штаммымен (әдетте «Гонконг» гриппі деп аталады) инфекцияны тіркеді. Вирус жаңа емес – алғаш рет 1968 жылы Гонконгта тіркелген. Абай облысында қазірге дейін 25 грипп жағдайы анықталды, оның 23-і (92%) H3N2 штаммы, ал қалған 2 жағдай А типті H1N1. Ауруға шалдыққандардың 80%-ы 14 жасқа дейінгі балалар.
Санитарлық дәрігерлер H3N2 ерекшеліктерін атап өтеді:
• өте тез жұғу,
• жылдам таралу,
• инкубациялық кезең 1-2 күн,
• клиникалық белгілердің тез дамуы.
Осы себептен ата-аналар да алаңдап отыр, ал мектептердің қашықтықтан оқуға өтуі инфекцияның таралуын азайтудың алдын алу шарасы ретінде қарастырылып отыр.
Мектептерге қандай шаралар ұсынылады?
ДСЭК облысы білім орындарына мынадай шараларды күшейтуді ұсынады:
• әр күнгі оқушылардың қатысуын бақылап, сабақтан қалу себептерін анықтау;
• таңертеңгі «фильтр» және балаларды тексеру;
• ЖРВИ немесе грипп белгілері бар оқушыларды оқудан уақытша бөлу;
• ауруларды оқушы ата-аналары келгенге дейін оқшаулау;
• кабинеттер мен этаждарда санитайзер орнату;
• жеке гигиенаға байланысты сабақтар өткізу.
Сондай-ақ, сыныптағы оқушылардың 30%-ы ауырып қалған жағдайда мектеп автоматты түрде онлайн оқуға көшеді – дәл осындай көрсеткіш кейбір мектептерде бүгінгі таңда тіркелген.
24 қарашаға дейінгі деректер бойынша, ауру деңгейінің өсуін ескере отырып, Бородулиха ауданы мектептері уақытша қашықтықтан оқуға өтті. Бұл шара уақытша болып табылады, жағдай тұрақталған соң оқу дәстүрлі форматқа қайтарылады.
Медициналық қызметкерлердің ескертулері: бөлмелерді үнемі желдетіп тұру, көп адам жиналатын жерлерден аулақ болу, иммунитетті күшейту, ЖРВИ белгілері пайда болған жағдайда үйде қалу және дәрігерге жүгіну маңызды.
Шайза ДОСКЕЕВА
