• RU
Пятница, 9 мая, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Денсаулық

МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

15.03.2024
in Денсаулық
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК САПАСЫН АРТТЫРУ – БАСТЫ МАҚСАТ
Share on FacebookShare on Twitter

Еліміздегі денсаулық сақтау саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бүгінде халықтың денсаулығын жақсарту, сырқаттың алдын алу, сапалы медициналық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар аясында өңірлерде түрлі медицина нысандары салынуда. Мысалы, Бородулиха ауданында биыл бірнеше нысан бой көтермек. Өңірдегі медициналық ахуал жайлы аудандық аурухананың бас дәрігері міндетін атқарушы Марат Қосамбековпен сұхбаттасқан едік.

— Марат Әуесбекұлы, ең алдымен оқырмандарымызға өзіңізді таныстырып өтсек. Қай өңірдің тумасысыз, медицина саласына қалай келдіңіз?
— 1974 жылы Күршім ауданына қарасты Топтерек ауылында ұстаздар отбасында өмірге келдім. Бала күнімде анам көп ауырды, өзім де сырқаттанып, ауруханаларда жиі емделетінмін. Сол кезде дәрігер болсам деп армандадым. Осы мамандықты таңдауыма аурушаңдығым себеп болған да шығар. Бала арманым адастырмады. 1997 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының емдеу ісі факультетін тамамдап, еңбек жолымды Семей қаласындағы «Хаким» емханасында терапевт дәрігер болып бастадым. Хирургия бойынша қайта даярлау курсынан өтіп, Күршім ауданындағы Теректі ауруханасына хирург болып орналастым. Білікті хирург Задабек Шапатовтың қолыма қандауыр ұстатқаны тап бүгінгідей көз алдымда. Кейін қызмет барысында Шығыс Қазақстан облысының бас хирургі Әскертай Слямұлымен танысып, оның шақыруымен 2008 жылы Өскемен қаласындағы облыстық ауруханаға ауыстым. Бұл аурухана мен үшін үлкен тәжірибе алаңы болды. Тәжірибелі хирург Марат Тыштықпайұлынан тәлім алдым. Менің маман болып қалыптасуыма осы есімдері аталған ұстаздардың ықпалы зор болды.
— Бүгінде қолы шипалы дәрігерсіз. Қай мамандық болмасын қызығы мен қиыншылығы қатар жүреді. Сіз жасаған оталардың ішінде қайсысы ерекше есіңізде қалды? Сол жайлы айтып берсеңіз…
— Иә, кез келген мамандықтың өз қиындығы мен қызығы бар. Алайда дәрігер болу аса үлкен жауапкершілікті, біліктілікті қажет етеді. Дәрігер ажалмен арпалысып, адам өміріне араша түседі. Біз сияқты хирургтің алдына әр түрлі жағдайдағы науқастар келеді ғой. Бәрінің де оңалып кетуіне жағдай жасауға тырысамыз. Ерекше ота дегенде, Талдықорғаннан келген 16 жасар жеткіншекке жасаған операциямыз ойыма оралып тұр. Жеткіншек бала күнінде сірке қышқылымен өңешін күйдіріп алған, оның асқазанына түтікше қойылып, сол арқылы тамақтанған екен. Сол балаға өңешін тоқ ішек арқылы асқазанға жалғау үшін 3 адам 7 сағат бойы ота жасадық. Әскертай Слямұлының басшылығымен отта сәтті өтті. 16 жылдан соң өз аузымен тамақ ішкен баланың қалай қуанғаны әлі көз алдымда. Бұдан басқа да күрделі оталар болды. Науқастардың қуанышын көру ерекше сезімге бөлейді.
— Аудандық аурухананың бүгінгі ахуалы жайлы не айтасыз?
— Бородулиха аудандық ауруханасы екі стационардан тұрады. 11 дәрігерлік амбулатория, 18 медициналық пункт, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт бар. Медициналық мекемелерге 29 850 адам бекітілген.
Аудан тұрғындарына тәулік бойы медициналық көмек көрсету мақсатында мамандандырылған стационарларда 80 төсек-орын бөлінген. Сондай-ақ 3 төсекке арналған жансақтау бөлімшесі, стационарлар мен алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметтері жанында 45 төсектік күндізгі стационар жұмыс істейді.
Халыққа сапалы қызмет көрсету үшін заманауи медициналық технологиялар енгізілуде, біздің ауданда облыста алғашқылардың бірі болып эндовидеохирургиялық кешен орналастырылды. Кешен іш қуысы мен жамбас мүшелеріне аз инвазивті хирургиялық оталар жасауға мүмкіндік береді. Өткен жылы жалпы көлемі 51,8 млн теңге қаржы бөлініп, 27 медициналық жабдық сатып алынды. Осылайша, аудандық денсаулық сақтау саласы қажетті құрал-жабдықтармен 83 пайызға қамтамасыз етілді.
Былтыр облыстық бюджеттен 16,2 млн теңге бөлініп, Новопокровка, Петропавловка, Зенковка ауылдарындағы дәрігерлік амбулаториялар мен Белағаш ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пунктті және аудандық аурухананың жылу қазандығы мен жылыту жүйесін күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжат әзірленді. Биыл «Ауыл — Ел бесігі» бағдарламасы бойынша аталған нысандарды күрделі жөндеуге 585,1 млн теңге бөлінді. Ал «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында аудандық және облыстық бюджеттен 552,2 млн теңге қаржы бөлініп, Новая Шульба ауылында дәрігерлік амбулатория, Ауыл, Успенка ауылдарында медициналық пункт салу көзделіп отыр.
Сондай-ақ аудандық ауруханаға 40,1 млн теңгеге ДЭС сатып алу және 9,8 млн теңгеге жүк лифтін орнату жоспарда бар, 23 млн теңге қаржыға медициналық жабдықтар алынбақ.
— Медициналық қызмет сапасына денсаулық сақтау мекемелерінің соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталуы ғана емес, мамандардың білікті болуы да ықпал етеді ғой. Мамандардың біліктілігін арттыруға қаншалықты көңіл бөлінеді? Кадр тапшылығы жоқ па?
— Әрине, дәрігердің науқасқа дұрыс ем-шара тағайындауы оның біліктілігіне тікелей байланысты. Өткен жылы 17 дәрігер, 40 орта буын медицина маманы біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Биыл 23 дәрігер мен 44 орта орта буын мамандарын оқытуға жіберу жоспарланып отыр. Өкінішке қарай, дәрігер тапшылығы бар, жалпытәжірибелік дәрігерлер, офтальмолог, онколог, невропатолог, анестезиолог-реаниматолог мамандар қажет. Бұл мәселені шешу үшін осы бос орындар бойынша enbek.kz сайтына хабарландырулар берілді. Семей қаласының медициналық университетінде өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкелеріне үнемі қатысамыз.
— Алдағы жоспарларыңыз туралы айта кетсеңіз…
— Биыл да ана мен бала өлім-жітімін, сондай-ақ қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімді азайту жөніндегі бағдарламалар бойынша жұмысты жалғастырамыз, халықты профилактикалық егулермен толық қамту деңгейін арттыру, туберкулез және онкология ауруларын, тағы да басқа сырқаттарды ерте кезеңде анықтау, қатерлі ісіктің асқынған жағдайларын болдырмау мақсатында сапалы скринингтік тексерулер жүргізу жоспарда бар. Биыл да бөлінген қаржыға денсаулық сақтау нысандарын жөндеп, қажетті құрылғылар аламыз. Басты мақсатымыз — медициналық қызмет сапасын арттыру.
— Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

Майдангер сүйегі туған жерге жеткізілді

Аудан ахуалымен танысты

Татулық – біздің тірегіміз

Он вернулся домой спустя 80 лет: в Зубаире захоронили останки солдата Великой Отечественной войны

День единства – праздник, который объединяет сердца

Активная подготовка к празднованию Дня Победы

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.