2025 жылғы 16 маусымда Бородулиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Отырысқа Бородулиха ауданының әкімі Айдар Маратұлы Ибраев, Бородулиха аудандық мәслихатының төрағасы Сәуле Тұрсынқызы Урашева, депутаттар — тұрақты комиссиялардың мүшелері қатысты. Шақырылғандар: «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы — Эльдар Төлегенұлы Қонорбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, Жұмағали Жарихманұлы Рахимов — аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, ауданның ауылдық және кенттік округтерінің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, Ардагерлер кеңесінің мүшелері, депутаттар қатысты. Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіне сәйкес «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» Бақы, Белағаш, Жезкент ауылдық/кенттік округтерінің әкімдері және ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Оразалина есеп берді.
«Елді мекендерді санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» мәселе бойынша Бородулиха, Дмитриевка, Подборный ауылдық округтердің әкімдері және Бородулиха ауданының ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д.Жаныбекұлы тыңдалды.
«Жергілікті атқарушы органдардың халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» ақпаратпен аудан әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы В.Примак сөз сөйледі.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тұрақты комиссиялардың қаулылары қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді, оларды орындау мерзімдері белгіленді.