«AMANAT» партиясының Бородулиха филиалының партиялық бақылау комиссиясы аясында атқарушы хатшы Е.Т. Қонорбаев пен партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Ж.Ж. Рахимов аудандағы жол қызметтері мен төтенше жағдайлар бөлімінің қысқы дайындық деңгейін тексерді.
Мониторинг барысында арнайы техниканың дайындығы, қар басқан жолдарды тазалау және жолда қалған адамдарды эвакуациялау бойынша іс-қимылдардың тиімділігі тексерілді. Жаттығу барысында мамандар қысқы қиындықтарға қарамастан әрекет ету алгоритмін нақты көрсетті.
Мұндай тексерістер арнайы техника мен мамандардың қысқы жағдайларда толық дайын екенін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және болашақта төтенше жағдайларды дер кезінде шешуге септігін тигізеді.
Бородулиха ауданының әкімдігі мен партиялық бақылау комиссиясы тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, жолдардың жағдайын бақылау және төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын хабарлады.
Бородулиха ауданы әкімінің
баспасөз қызметі
