Бородулиха ауданында №12 өрт сөндіру бөлімінің аумағында құтқарушыларға арналған ерекше аллея ашылды. Аллеяның ашылуы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың қоғамдағы маңызды рөлін жоғары бағалайтын ерекше шара болды.
Аллеяның құрылысына Бородулиха ауданының кәсіпкерлері мен өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы белсене қатысты. Құтқарушыларға арналған бұл орын олардың ерлігі мен адалдығын, сондай-ақ күн сайынғы қауіпті жағдайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі үлесін насихаттайды. Бұл – өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға деген құрмет пен алғыстың көрінісі.
Аллеяның басты мақсаты – құтқарушы мамандығына деген сүйіспеншілікті және адалдықты дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен ынтымақтың үлкен нәтиже беретініне дәлел болу. Бұл аллея тек Бородулиха ауылының ғана емес, барлық аудан тұрғындарының қауіпсіздігі мен амандығы жолында жанқиярлық еңбек еткен азаматтарға құрмет көрсететін нышанға айналады.
Бородулиха ауданы әкімінің
баспасөз қызметі