Бородулиха ауданында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған аудан әкімінің шыршасы өтті. Мерекелік шарада аудан әкімі Айдар Ибраев балаларды Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, олардың бар жақсылыққа лайықты екендігін айтып, келешектерінің кемел болуын тіледі.
-Жаңа жыл – балалар үшін ерекше ғажайып мереке. Құрметті балақайлар, жаңа жылдарыңызбен! Жаңа жыл – қашанда жүректерге жаңа үміттер мен аппақ армандар ұялататын, ғажайып қиялдарға қол создыратын ерекше мереке. Жаңа жыл жақсылық әкелсін. Балақайлардың әр күндері қуанышқа толы болсын деп тілейміз,» – деді аудан әкімі Айдар Маратұлы өз сөзінде.
Мерекелік шарада бүлдіршіндерді аудан өнерпаздары мерекелік концертімен, балалар ертегісіндегі кейіпкерлер тамаша қойылымдарымен, қызықты ойындарымен қуантты. Балалар жаңажылдық шыршаның басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, оларға өз өнерлерін көрсетіп, сыйлық алды.
Сонымен бірге, дарынды балалар мен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы отбасылардың, көп балалы жанұялардың балалары үшін де әкім шышасы өтті.
Өз тілшіміз