Зенковка ауылында «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында жол инфрақұрылымын жаңарту жұмыстары басталды. Атап айтқанда, бес көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл істі орындаушы – «Зеленстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жоба аясында Кен дала, Жолашар, Алаш, Садовая және Горький көшелеріне асфальт төселеді. Жол жабынының жалпы ұзындығы 3,8 шақырымды құрайды.
Көше жолдарын жаңарту – ауыл тұрғындары үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл бастама елді мекендегі өмір сапасын арттыруға бағытталған нақты әрі тиімді қадам болып отыр.
Жергілікті тұрғындар жол жөндеу жұмыстарының дер кезінде және сапалы орындалатынына сенім білдіріп, жобаның жүзеге асуына оң бағасын беруде.
«ЖУ»- ақпарат