Жаңа жыл қарсаңында «Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға қолдау көрсету орталығының» тәрбиеленушілері ұзақ күткен және ерекше құнды сыйлыққа ие болды.
Бұл сыйлық – заманауи әрі жайлы ас үй жиһазы, ол енді балалардың үйінің маңызды бөлшегіне айналды.
Осы керемет сыйлықтың мүмкін болуына қоғамға бей-жай қарамайтын, өз ісіне адал әрі қамқор азаматтардың қолдауы себеп болды. Олар жомарттығы мен жанашырлығымен бұл жобаның жүзеге асуына үлес қосып, балалардың өмірінде маңызды орын қалдырды.
Қолдаушылар қатарында Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты, «Раушан» шаруа қожалығының басшысы Талғат Оразаев, ТОО «Лазарев и К» директоры Петр Лазарев, Бородулиха аудандық мәслихатының депутаты Денис Подкорытов, FENIKKS JMGO Kazakhstan компаниясы, Бородулиха аудандық мәслихатының төрайымы Сәуле Урашева және мәслихат депутаттары бар.
Олар өздерінің үлкен қамқорлығын танытып, балалардың өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын қалыптастыру, әлеуметтік бейімделу мен өмір сүруге қажетті басқа да дағдыларды меңгеруге жағдай жасады. Бұл, әсіресе, балалардың оқу бітіргеннен кейінгі өмірі үшін өте маңызды.
Осындай қолдаулардың арқасында балаларымыздың болашағы жарқын боларына сеніміміз мол. Бұл жанашырлық пен қамқорлық еліміздің ертеңін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Қайырымдылық жасаған азаматтардың көрсеткен көмегі қоғам үшін үлкен маңызға ие. Олардың игі істері тек балалардың болашағын жақсартып қана қоймай, бүкіл қоғамның дамуына үлес қосады.
Валентина АСОВБАЕВА
