Бородулиха ауданында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті.
Аудан әкімінің орынбасары Қайрат Сапоров жиналғандарды атаулы күнмен құттықтап, Конституцияның Тәуелсіздіктің нышаны, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің негізі екендігін атап өтті.
— «Құрметті Бородулиха ауданының тұрғындары! Бүгін біз Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын атап өтудеміз. Негізгі Заң тәуелсіз мемлекеттің берік іргетасына айналып, еліміздің демократиялық даму бағытын айқындады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтты, қоғамдағы бірлік пен келісімді қамтамасыз етті. Біз бұл мерейтойды ауданымыздағы жаңа жетістіктермен қарсы алып отырмыз. Бұл жобалар – мемлекет пен жергілікті органдардың, сондай-ақ белсенді азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі. Олар біздің дамуға деген ұмтылысымызды, жастарға қамқорлығымызды және ұйымшыл қоғам құруға деген ниетімізді көрсетеді», – деді Қайрат Сапоров.
Мереке аясында ауданның белсенді тұрғындары қоғамдық өмірге қосқан үлестері және туған өлкенің дамуына сіңірген еңбектері үшін аудан әкімінің грамоталарымен марапатталды.
Іс-шара мерекелік концертпен жалғасын тауып, көрермендерге ел бірлігі мен отансүйгіштік рухты дәріптейтін музыкалық және вокалдық нөмірлер ұсынылды.
Бородулиха ауданы
әкімінің баспасөз қызметі