24 тамыз күні аудан әкімдігінің кіші залында Бородулиха ауданының әкімі Айдар Ибраевтың төрағалығымен аудан әкімдігінің отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихат төрайымы С. Урашева, ауылдық округтер мен кент әкімдері, ауданның дербес бөлімдері, мекемелері басшылары қатысты.
Әкімдік отырысында Айдар Маратұлы «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Қуаныш Сүлейменовтің келісімен, «AMANAT» партиясы Бородулиха аудандық филиалының атқарушы хатшысы қызметіне тағайындалған Гүлмира Бақдәулетқызы Ильяшеваны таныстырып, жұмысына табыс тіледі.
Гүлмира Бақдәулетқызы тәжірибесі мол, білікті маман. Ауданда білім беру, тілдерді оқыту саласында еңбек еткен. 2020 жылдың маусым айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін Бородулиха аудандық Мәдениет үйінің директоры қызметін атқарды.
Әкімдік отырысында ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының «Ауданда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету» туралы есебі тыңдалды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі уәкілетті мемлекеттік орган бекітетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің бірыңғай тізбесі болып табылады және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) бюджет қаражаты есебінен ұсынылады.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 47 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер келесі санаттағы адамдарға ұсынылады:
— психоневрологиялық патологиясы бар мүгедек балаларға (3 жастан 18 жасқа дейін);
— тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;
— 1, 2 топтағы психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға;
— жасы ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға;
— белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарға, оның ішінде әртүрлі себептермен жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ, тұрғын үйі жоқ немесе жоғалған адамдарға, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға.
Ауданда 2013 жылы ашылған «Абай облысы Бородулиха ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме жұмыс істейді.
Орталық қызметінің мақсаты – қызмет алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызмет көрсету жағдайында бюджет қаражаты, мемлекеттік меншік нысаны есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
2023 жылға арналған штат кестесіне сәйкес, 77 дана (78 адам) бекітілді, олардың әкімшілік корпусы — 9 бірлік, әлеуметтік қызметкерлер — 67 бірлік, жүргізуші -1 бірлік.
2023 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша, қызмет алушылардың саны 373 адамды құрайды, оның ішінде қарттар мен мүгедектігі бар адамдар — 319 адам (ерлер — 70 адам, әйелдер — 249 адам), мүгедектігі бар адамдар (психоневрологиялық патологиялары бар) — 54 адам.
Есепті кезеңде әлеуметтік қызметкерлер 21280 келуді жүзеге асырды, оның ішінде қарттар мен мүгедектер бойынша – 18088, мүгедектігі бар адамдар бойынша – 3192. Барлығы 292870 іс-шара көрсетілді, оның ішінде: әлеуметтік-тұрмыстық – 95851, әлеуметтік-медициналық – 66353, әлеуметтік-психологиялық – 106449, әлеуметтік-педагогикалық – 17830, әлеуметтік — мәдени – 2433, әлеуметтік-экономикалық – 2956, әлеуметтік-құқықтық – 998.
Бородулиха ауданының аумағында Абай облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Бородулиха арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ жұмыс істейді.
Орталық қызметінің мақсаты қарттар мен мүгедек адамдардың тұрақты тұруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету, оларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну саналады.
Ағымдағы күнге қызмет алушылардың нақты саны-104 адам, оның ішінде ерлер — 57 адам, әйелдер-47 адам.
Мүгедектігі бар адамдар: 1-топ – 8 адам (әйелдер — 3, ерлер — 5), 2-топ 23 адам (әйелдер — 9, ерлер -14).
– Орталықта 9 әлеуметтік-еңбек және оңалту тобы жұмыс істейді, оларға 104 қызмет алушы тартылған-деді бөлім басшысы.
Содан кейін «Аудандағы мал шаруашылығының жай-күйі мен дамуы туралы» кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Марат Нұркешев ақпарат берді.
– Мал шаруашылығы өсімдік шаруашылығымен қатар, ауданның ауыл шаруашылығының негізгі саласының бірі, сондықтан бұл бағытқа ерекше назар аударылады. Ауданда 1 тамызға жалпы саны 8 536 бас мал шаруашылығымен айналысатын 47 ауыл шаруашылығы құрылымдары бар, олар негізінен, мал басы аз (25-тен 100 басқа дейін) шағын шаруашылықтар. 4 асыл тұқымды шаруашылық бар, оның ішінде үшеуі сүтті бағытта («Новая Заря» ш/қ ЖШС, «Е. Зайтенов», «Агро-Импульс» ш/қ), және біреуі ет бағытындағы («Лазарев и К» ЖШС), сондай-ақ, 3 омарта шаруашылығы бар. Ауданда 2 шаруашылық етті бағыттағы тұқымсыз малды тұқымдық түрлендірумен айналысады («Достық» ш/қ, «Аманат» ш/қ). Жоғары технологияларды қолданатын ауыл шаруашылығы құрылымдарында жануарлардың өнімділігі әлдеқайда жоғары. Сондықтан мал шаруашылығы өнімін өндіруді арттыру жануарлардың өнімділігі есебінен жүргізіледі, бұл ретте сүт өнімділігін 1,5 есеге арттыру қажет, – деді ол.
Оның айтуынша, ауданда «Е.Зайтенов» шаруа қожалығында 200 басқа арналған бір бордақылау алаңы бар, онда бұқалар және аналық мал басы бордақыланады. Сондай-ақ делдалдар қойған төмен бағадан бордақылау малын сатуда қиындықтар кездеседі. Сондай-ақ, «Е. Зейтенов» шаруа қожалығында саланы дамыту мақсатында шығарылатын өнім ассортиментін ұлғайту мақсатында сүт өңдеу цехын реконструкциялау жобасы іске асырылуда.
– Сүт жинауға 10 ауылдық округ қамтылды. Бүгінгі таңда тұрғындардан сүт жинаумен 5 сүт қабылдау пункті айналысады. Олар: Семей қаласынан «Бекшенев» ЖК және «Қалиханұлы» ШҚ, «Зере Сүт» ӘКК, «Базадзе» ЖК және «Восток Агроинвест» ЖШС, –деді Марат Нұркешев.
Ауданда мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту нәтижелері туралы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы ақпарат берді. Оның айтуынша, өңірде мемлекеттік және басқа да тілдерді үйрену үшін барлық тұлғаларға мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Мәселен, Бородулиха ауданында тілдерді меңгеру деңгейін арттыру мақсатында 2007 жылдан бастап Новошульба, Новопокровка, Новодворовка округтерінде және Жезкент кентінде төрт филиалы бар тілдерді оқыту орталығы жұмыс істейді. Орталық базасында 2022-2023 оқу жылдарында мемлекеттік тілді үйренуге 335 ересек тыңдаушы тартылды, ауданның 40 тұрғыны ағылшын тілін үйренді. Орталықта мемлекеттік тілдің 10 оқытушысы және ағылшын тілінің 2 оқытушысы жұмыс істейді. Оқыту заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу кабинеттерінде жүргізіледі.
Мемлекеттік тілді үйренушілер арасында 143 мемлекеттік қызметші, 152 бюджеттік мекеме қызметкерлері және ауыл тұрғындары бар. 2022-2023 оқу кезеңінде курстарды аяқтағаны туралы сертификаттар орталықтың 35 тыңдаушысына табысталды. Оқушылар арасында қазақ және ағылшын тілдерін оқыту бойынша ұйымдастырылған «Тіл ашар тобы» үйірмесіне 45 бала қатысады.
Бүгінгі таңда ауданда мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі 26649 адамды (80%), ағылшын тілін меңгергендері 1495 адамды (4,5%), үш тілді меңгергендері 1505 адамды (5%) құрайды. Мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізу кезінде мемлекеттік тілді кеңінен қолдану қамтамасыз етіледі. Жылдық жоспарға сәйкес, түрлі іс-шаралар өткізіледі: конкурстар, дөңгелек үстелдер, көрмелер және т.б. Жылдың басынан бастап аудан бойынша 54 түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Аудан кітапханаларында мемлекеттік және басқа тілдерде үлкен кітап қоры бар. Жалпы кітап қоры – 263822, оның ішінде мемлекеттік тілде – 78210, ағылшын және неміс тілдерінде – 675 кітап.
Қазақ жазушылары мен ақындарының шығармашылығы бойынша көрмелер, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстар мәдениет мекемелерімен және Достық үйімен тығыз ынтымақтастықта жүргізіледі. Бородулиха ауданының тұрғындары аудандық және облыстық жарыстарға белсенді қатысады. Жыл басында ауданымыздан 5 азамат облыстық байқауларға қатысып, жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
Жиынды аудан әкімі Айдар Ибраев қортындылай келе, талқыланып отырған мәселелердің маңыздылығын атап көрсетті, осы жұмыстарды жандандыру үшін ауыл әкімдері мен тиісті сала жетекшілеріне, аудандық мекемелер басшыларына тиісті ұсынымдар берді.
Сұлтан Ибрагимов