Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы Жолдауы – еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңін айқындаған маңызды құжат. Бұл құжатта халықтың әл-ауқатын арттыру, әділетті қоғам орнату, экономиканы цифрландыру, білім беру мен денсаулық сақтау саласын жетілдіру сынды басым бағыттар нақты көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауында жасанды интеллектке арналған жаңа министрліктің құрылатыны туралы жариялауы – еліміздің цифрлық болашағына бағытталған тарихи шешім. Жасанды интеллект министрлігінің вице-премьер деңгейіндегі жетекшімен құрылуы – бұл саланың стратегиялық маңызын айқындайды және жоғары деңгейде үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Президент атап өткендей, Қазақстан үш жыл ішінде толық цифрландырылған ұлтқа айналуы тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін Цифрлық кодексті жедел қабылдау – уақыт талабы. Жаңа заң жасанды интеллект, платформалық экономика сынды негізгі бағыттарды белгілеп, елді жаңа технологиялық дәуірге бастайды.
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы адамға бағдарланған, озық цифрлық қоғам қалыптастыру – қазіргі кезеңнің басты міндеттерінің бірі. Бұл бастама Қазақстанды әлемдік цифрлық көшбасшылардың қатарына қосуға мүмкіндік береді деп сенеміз.
Президент Жолдауында белгіленген реформаларды қолдау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Жаңа мүмкіндіктерді тиімді пайдалансақ, ауданымыздың да, еліміздің де дамуына зор үлес қосатынымыз сөзсіз.
В. МОКРОУСОВА,
Бородулиха аудандық
мәслихат депутаты