• RU
Суббота, 7 июня, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қарулы күштер – бейбіт өмір кепілі

07.04.2023
in Жаңалықтар
Share on FacebookShare on Twitter

Елдің жарқын да баянды болашағы – айбынды ердің қолында. Себебі, олардың халық тыныштығы үшін атқарар рөлі ерекше. Темірдей тәртіпке бағынып, әскери киім киіп, Отан үшін адал қызмет ету – ер азаматтың борышы. Қазақстан Республикасы жергілікті әскери басқару органдары қызметкерлерінің күні қарсаңында ел ішінде «военкомат» аталып кеткен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің еңбегін ел назарына ұсынуды жөн көрдік. Мекеме атауын естігенде ойымызға мерзімді әскерге шақыру оралатыны рас. Десе де, бұл бөлімнің атқарар қызметі мен арқалар жүгі, тек ол ғана емес. Әңгіме тінін әріден бастап, мекеме тарихынан сыр шертсек.

Аудандағы әскери комиссариат 1918 жылы құрылған. 105 жылдан бері тоқтаусыз қызмет етіп келе жатқан мекеме жұмысы әрдайым әскери тәртіпке сай қатаң бақылауда.
Ішкі қызмет жөніндегі Белағаш біріккен аудандық әскери комиссариатының мұрағатында сақталған бірінші бұйрықтар кітабына сәйкес, 1939 жылғы 20 наурызда аудандық кіші әскери комиссариатының міндетін атқарушы жолдас Кожемякиннің қолы қойылған, сол күннен бастап округтік әскери комиссариат құрылды. Аумақтық қызмет көрсету аймағына 23 ауылдық кеңес кірді, тіркеу пункті Бородулиха ауылында орналасқан.
Бородулиха аудандық әскери комиссариаты 1954 жылы құрылды. Аудандық бірінші әскери комиссары болып подполковник Александр Михайлович Михайлов тағайындалды.
Осы уақытқа дейін елім деген ерлер аталған мекеме арқылы Отан алдындағы борышын өтесе, мекеме қызметкерлері ұзақ жылдар бойы ел игілігі үшін аянбай тер төгуде. Бородулиха ауданының жергiлiктi әскери басқару органы құрылған күннен бастап аудандық әскери комиссар ретiнде мынадай әскери қызмет өткердi: подполковник Леонид Мильченко, подполковник Георгий Александрович Пузанов, майор Василий Степанович Котов, майор Анатолий Огородничук, майор Василий Николаевич Теодоров, майор Алексей Семенович Шуваев, подполковник Орақбай Дошанұлы Тойбаев, подполковник Анатолий Филлипович Браташ, подполковник Ораз Тоқтарханұлы Ибраимов, майор Виктор Петрович Молошенко, подполковник Шамғали Нұрғалиұлы Шаханов, подполковник Талғат Маратұлы Сарсенбин, подполковник Сәтбек Джакипұлы Сатыбалдиев, подполковник Амангелді Еркебұланұлы Дюсекин. Олар – жүйелі жұмыстың ізін қалдырып кеткен ерен еңбеккерлер. Үлкенді ардақтап, құрметтеген ұлт ретінде – қызметкерлер үшін алдыңғы аға буынның орны бөлек. Олардан алар үлгі мен өнеге де мол. Бүгінде Бородулиха ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы болып майор Жасұлан Түсіпбекұлы Қожахметов қызмет етеді. Темірдей тәртіпке үйренген бөлім қызметкерлері өздеріне артылған міндетті жауапкершілікпен атқарады. Мекеме озаттары ағалар салған ізді жалғап, ерлердің ел алдындағы міндетін атқаруына сеп болуда.
Қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің міндеті біз ойлағандай әскерге шақырып, жөнелтуден ғана тұрмайды. Олар әскери есеп жүргізіп, мерзімді әскерге шақыру жұмысын жүргізеді. Сондай-ақ азаматтарды жұмылдыру жиындарына дайындау, келісімшарт бойынша, әскери қызметке шақыру, мемлекеттік қызмет түрлерін ұсыну секілді жұмысты қоса атқарады. Онымен қоса, әскери оқу орындарына үміткерлер дайындау да осы мекеменің міндетіне кіреді.

Жыл сайынғы мерзімді әскерге шақырту жұмыстары көктемде және күзде жүргізіледі. Жалпы Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады» деп жазылған. Соның негізінде әрбір азамат денсаулығы жарап, соттылығы болмаса әскерге баруға міндеттеледі. Десе де, қазіргі күнде жас буын арасында әскерге деген құлшыныс аздау секілді. Кеңестік кезеңде әскерге бармаған ерлер өзін абыройсыз санап, Отан алдындағы борышын өтеуге асығатын. Бүгінгі нарықтық қоғам бұл түсінікті өзгертуде. Талап жеңілдеген сайын, жауапкершілік азая түскендей. Бірақ ҚР Қылмыстық кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 647, 648, 649 және 650 баптарына сәйкес, әскери қызметке барудан жалтарып жүрген азаматтарға айыппұл негізінде жауапкершілікке тарту көзделгенін айта кеткен жөн. Дегенмен, көпке топырақ шашпаймыз. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзеті, Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық Ұланы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс әскери бөлімдерінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген бородулихалық сарбаздар да жетерлік. Олар Отан алдындағы қызметін адал өтеумен қатар, ауданға, ата-анасына алғыс хат пен марапаттар да әкелуде. Бұл – қайсар халықтың текті ұрпағы екеніміздің бір көрінісі.
Сонымен қатар, өскелең ұрпақ бойына әскери-патриоттық тәрбие беруде де бұл мекеменің қосар үлесі зор. Аудандық құзырлы органдармен бірлесе отырып, білім беру орындарында жоспарға сай түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, әскер қатарында Отан алдындағы борышын өтеуге дағдыландыру үшін ауған соғысының ардагерлерімен, әскери борышын өтеп келген жастармен кездесулер ұйымдастырылады. Сондай-ақ бөлім мектеп жасындағы жастардың әскери оқу орындарына түсуі үшін мақсатты жұмыстар атқаруда. Нақтырақ тоқталсақ, Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің әскери институты мен радиоэлектроника және байланыс әскери инженерлік институты, Ақтөбе қаласындағы әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Щучинсктегі Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына құжаттар қабылдау жыл сайын жүргізіледі. Аталған әскери білім беру ұйымдарына түсіп, жақсы бағамен тәмамдап жатқан жерлестеріміз де аз емес екен.
«Баланың басты ұстазы – ата-ана», дегендей, патриоттық ұғымның ұлылығын ұлықтап, отансүйгіштік, ел алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру – ата-ананың міндеті. Тектілік мен қасиет қонған құтты мекеннің перзенттері Отан алдындағы борышын өтеуге келгенде кенже қалмауы тиіс. Ата-баба аманаттаған жерін қорғау әрбір жастың мақсатына айналғаны жөн. Батыр бабалардың ұлағатынан тәлім алып, елін қорғайтын ерлердің қатары көбейе берсе екен.

Азамат Смагулов

Жаңалықтар

Өзекті мәселелер талқыланды

Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру – қашан да өзекті

Көл жағалауындағы сенбілік

Шаттық мерекесі

Белый порох под ногами: почему тополиный пух — не безобидная пыльца, а причина пожаров

Где живет добро

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ата заң
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел қорғаны
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфраструктура
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдениет
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Памятная дата
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.