2025 жылғы 31 қазанда Бородулиха ауданында «Халық заңгері» акциясы өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және оларға тегін кәсіби заң көмегін көрсету.
Акция екі жерде ұйымдастырылды: Бородулиха ауылындағы аудан әкімдігінің ғимаратында және Жезкент елді мекеніндегі Мәдениет үйінде. Мұнда мемлекеттік қызметшілер, аудан прокуратурасының қызметкерлері, адвокаттар мен тәжірибелі юристтер азаматтардың түрлі құқықтық мәселелеріне жауап берді.
Тұрғындар көбіне жер қатынастары, тұрғын үй даулары, еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша сұрақтар қойды. Көпшілік өз мәселелері бойынша құжаттарымен келіп, нақты кеңестер мен түсіндірмелер алды. Юристтер атап өткендей, мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, мемлекеттік қызмет институттарына деген сенімді нығайтуға да септігін тигізеді.
Аталған акция республикалық жоба аясында өткізілді және азаматтарға құқықтық қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталды. Қатысушылар іс-шарадан соң алған кеңестерінің өз өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ш.ДОСКЕЕВА,
«Жаңа уақыт»
