• RU
Вторник, 7 октября, 2025
No Result
View All Result
boroduliha.kz
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық
No Result
View All Result
boroduliha.kz
No Result
View All Result
Home Қарулы Күштер

Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиынында

24.07.2024
in Қарулы Күштер
Әскери міндеттілер оқу-жаттығу жиынында
Share on FacebookShare on Twitter

Жыл сайын еліміздің Қарулы Күштерінде әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны өтеді. Биыл ел тарихында тұңғыш рет мұндай жиынға 3 мыңға жуық әскери міндетті шақырылды. Оның бір жарым мыңы 18 шілде мен 16 тамыз аралығында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының «Абай» гарнизонына қарасты «Шығыс» оқу-жаттығу полигонында жаттығады. Аталмыш жиынға Бородулиха ауданынан әскери міндетті 4 офицер және 38 солдат сержант қатысады. Оларды аудан орталығынан шығарып салу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Е. Селиханов қатысып, сәттілік тіледі.

18-19 шілде күндері Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының әскери міндеттілері белгіленген әскери бөлімге келді. Әскери міндеттілері барлық әскери киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, әскери бөлімінің базасында құрылған дала лагеріне қоныстанды. Әскери жиындар аясында әскери дайындық сабақтары басталған Семей қаласына Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары — Қарулы Күштердің Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов келді.
Ал 20 шілде күні Қарулы Күштердің Бас штаб бастығы Сұлтан Камалетдиновтің, Абай облысы әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтің және әскери сала қызметкерлерінің қатысуымен «Шығыс» түраралық полигонында жұмылдыру жиынының салтанатты ашылуы өтті.
Әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру даярлығы деңгейін арттыру, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін қажетті әскери оқыту резервін дайындау және запаста жинақтау мақсатында ұйымдастырылған жиынның ашылуында сөз алған Сұлтан Камалетдинов әскери міндеттілерді даярлауды қажетті деңгейде ұстап тұрудың маңыздылығын атап өтті.
— Бүгінде біздің күш-жігеріміз аумақтық қорғаныс жүйесін дамытуға және нығайтуға бағытталған. Бұл Қарулы Күштердің жауынгерлік әлеуетіне де әсер етеді. Қарулы күрестің жаңа тәсілдері мен құралдары пайда болған жағдайда, аумақтық қорғаныс бригадаларының тіркелген құрамының білімін жаңарту және дағдыларын жетілдіру қажеттілігі туындайды, — деді министрдің бірінші орынбасары.
Ал облыс әкімінің орынбасары азаматтарымыз әлемде орын алған саяси оқиғалардан хабардар болып, түрлі қауіп-қатерге қарсы тұруға әрдайым әзір болуы керектігін атап өтті.
— Басқа мамандықты игеру екінші білім алумен тең. Дегенмен әскери міндеттілерді бір айдың ішінде өзге мамандыққа қайта даярлау — бүгінгі заманның талабы. Бір ай аз уақыт емес. Оқу-жаттығудан өтетін әскери міндеттілерге сәттілік тілеймін, – деді Д.Гариков.
Полигонда әскери міндеттілерді даярлау үшін барлық жағдай жасалған. Арнайы далалық лагері қажетті жабдықтармен жарақталып, жиынға қатысушылар үшін күнделікті тұрмысқа қажетті қызмет көрсету бөлмелері мен жауынгерлік дайындық үшін қажетті нысандар дайындалған.
Мұнда 41 әскери-есептік мамандық өкілдері өз білімдері мен дағдыларын жетілдіретін болады. Бір ай ішінде мотоатқыштар, танк, артиллерия, зениттік бөлімшелердің, жауынгерлік, тылдық және техникалық қамтамасыз ету мамандары, сондай-ақ жауынгерлік машиналардың механик-жүргізушілері де қайта даярлаудан өтеді.
— Жиынның алғашқы аптасында әскери міндеттілерге қауіпсіздік шаралары бойынша сабақтар өткізіледі. Содан кейін өздерінің мамандықтарына қарай бөлімшелерге бөлінеді. Сонымен қатар әскери-патриоттық тәрбие сағаттары ұйымдастырылады,- деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Дархан Ажибаев.
Сала мамандарының айтуынша, мұндай жиындарға азаматтарымыз өз еркімен келеді екен. Олардың бірі – Жезкент кентінің 25 жасар тұрғыны Айбар Айдарұлы.
— Мен Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасын аяқтағанмын. Білген білімімізді нақтылап, жетілдіру мақсатында әскери жиынға қатысуға келдім. Біз әрдайым Отанға адал қызмет етуге дайын болуымыз керек. Әскери ортаға тағы да келгеніме қуаныштымын. Бұл бұрын үйренген дағдыларды қайталап, жаңа әдістерге машықтануға жақсы мүмкіндік, — дейді жиынға қатысушы Айбар Айдарұлы.
Айта кетейік, әскери бөлімге дейін және кері қарай жол жүру уақытын қоса алғанда, жиын кезеңінде әскери міндеттілердің жұмыс орны, атқаратын лауазымы сақталады, оларға республикалық бюджеттен орташа айлық жалақы төленеді. Ал жұмыс істемейтіндер ең төменгі жалақы — 85 000 теңге алатын болады.
Жиын соңында сынақтар өткізіліп, оның нәтижелері бойынша бағдарламаны сәтті меңгерген әскери міндеттілерге кезекті әскери атақтар берілетін болады.

Ай-Керім СӘРСЕНҚАЛИ,
«Жаңа уақыт»

Жаңалықтар

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ – «ЕҢБЕК ЖОЛЫ – 2025» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Молодёжь района: от идей к реальным проектам

Профориентация и патриотическое воспитание от Министерства обороны

Центр поддержки детей присоединился к акции «Таза Қазақстан»

Подвески «Күміс алқа» – признание материнского труда

Районный отборочный этап по национальной игре «Тоғызқұмалақ»

Тағы оқу...
Директор: Молдашева Риза Асановна,
ТОО ABAI AIMAQ медиахолдингі.

Жаңа уақыт газетінің Редакторы:
Орынханов Серік Тілекұлы.
Редактор газеты Новое время:
Катикеева Татьяна Валерьевна

Айдарлар

  • "Kazakhstan Smart Space-2025"
  • "Ауыл футболы Awards 2024"
  • "Қарызсыз қоғам"
  • «Ауыл – ел бесігі»
  • «Жасыл ел»
  • «Жер-2023»
  • «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА»
  • «Саябақтар шеруі»
  • «Таза Қазақстан»
  • «Ұлттық қор – балаларға»
  • «Халықпен бірге!»
  • 1 қазан — қарттар күні
  • 15 февраля — День вывода Советских войск из Афганистана
  • 30-летие маслихатов РК
  • 79-я годовщина Победы в ВОВ
  • 80-лет Победы в ВОВ
  • Абай – 180 жыл
  • Абаттандыру
  • Августовская конференция
  • Аймақ дамуы
  • Аймақ жетістігі
  • Актуально
  • Акция
  • Ақпарат
  • Ақынның 178 жылдығы
  • АПК
  • Ардагерлерді ардақтайық
  • Ата заң
  • Ата Заңға – 30 жыл
  • Аудан әкімдігінде
  • Аудан-ақпарат
  • Аудандық әкімдікте
  • Аудандық байқау
  • Аудандық мәслихат
  • Ауыл шаруашылығы
  • Ауыл шаруашылық
  • Әкім аптасы
  • Әкім қабылдауы
  • Әкімдік
  • Әкімдік отырысы
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік қолдау
  • Байқау
  • балалар!»
  • Баспасөз мәслихаты
  • Бәрекелді
  • Безопасная цифровизация
  • Белые халаты
  • Берекелі Бородулиха
  • Билік пен халық
  • Біздің болашақ
  • Білім
  • Білім – шамшырақ
  • Білім және тәрбие
  • Білім көкжиегі
  • Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр
  • Благополучное общество
  • Благотворительность
  • Благоустройство
  • Благоустройство и озеленение
  • Ближе к народу
  • Брифинг
  • БЦОССУ: Истории успеха
  • Быть патриотом
  • В борьбе с преступностью
  • В единстве нации
  • В рабочем ритме
  • В рамках ГЧП
  • Важно знать
  • Вести из сельских округов
  • Ветеринария
  • Внешняя политика
  • Внутренний туризм
  • Водоснабжение
  • Военное дело
  • Воспоминания криминалиста
  • Гендер и общество
  • Гендерное равенство
  • Гендірлік саясат
  • Герои нашего времени
  • Герои труда
  • Голос народа
  • Государственная служба
  • Государственные символы
  • Дело чести
  • Денсаулық
  • День защитника Отечества
  • День матери
  • День молодежи
  • День Победы
  • День учителя
  • День шахтера
  • Детский мир
  • Диалог с народом
  • Дін және қоғам
  • Дін мен дәстүр
  • Діни экстремизм мен терроризм
  • Дни культуры «ЕЛДЕН СӘЛЕМ!»
  • Дом дружбы
  • Духовная культура
  • Духовное наследие
  • Ел болашағы
  • Ел қорғаны
  • Елге қызмет – ерге міндет
  • Еңбегі түбі-зейнет
  • Еңбек адамдары
  • Еңбек адамы
  • Ер есімі — ел есінде
  • Еркін елдің ертеңі
  • Ерлікке тағзым
  • Жағымды жаңалық
  • Жаңа жыл қарсаңында
  • Жаңалықтар
  • Жарыс
  • Жастар күні
  • Жастар саясаты
  • Жастар форумы
  • Жәрмеңке
  • Жер аманаты
  • Жерлестер жетістігі
  • Животноводство
  • Животноводство. Советы специалиста
  • Жилищная система
  • Жиын
  • ЖКХ
  • Жолдауға қолдау
  • Жұмыспен қамту
  • Жұмысшы мамандықтары жылы
  • Закон и порядок
  • Занятость
  • Заң
  • Заң мен тәртіп
  • Здоровые привычки
  • Здравоохранение
  • Зеленый курс
  • Зияткерлік сайыс
  • Инициативы Президента
  • Интервью
  • Интересный случай
  • Инфрақұрылым
  • Инфраструктура
  • Историческое наследие
  • Іс-шара
  • Казахстанская литература
  • Качество казахстанской продукции
  • Кәсіби мереке
  • Кәсіпкерлік
  • Кәсіподақ спартакиадасы
  • Кездесу
  • Кеңейтілген кеңес
  • Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл
  • Киберқылмыс
  • Кіріс
  • Комиссия отырысы
  • Коммуналдық қызмет
  • Комфортная школа
  • Көкейкесті
  • көкжиегің көгерер»
  • Культура
  • Культурная среда
  • Культурный код
  • Күн тақырыбына
  • Күрес
  • Қайырымдылық
  • Қарулы Күштер
  • Қауіпсіз қоғам
  • Қауіпсіздік
  • Қоғам
  • Қоғам және заң
  • Қоғам және қауіпсіздік
  • Қоғамдық бақылау
  • Қозғаушы күш
  • Қоныс той
  • Қылмыс пен жаза
  • Лесное хозяйство
  • Малый и средний бизнес
  • Марапат
  • Мәдени байланыс
  • Мәдениет
  • МӘСЛИХАТ
  • МЕКТЕПКЕ ЖОЛ
  • Мемлекеттік бағдарлама аясында
  • Мемлекеттік қызмет
  • Мемлекеттік тіл
  • Мерейлі мереке
  • Мереке
  • Местное самоуправление
  • МИО и население
  • Мир без границ
  • Мониторинг
  • МСБ
  • Мұрағат
  • На защите граждан
  • Нацбезопасность
  • Нация в единстве
  • Наш досуг
  • Наша инфраструктура
  • Наша общественность
  • Наша полиция
  • Наша семья
  • Наша сила в единстве
  • Наши достижения
  • Новости
  • Обеспечить защиту
  • Облыстық семинар
  • Облыстық спартакиада
  • Облыстық форум
  • Образование
  • Образование без границ
  • Общество и религия
  • Общество и язык
  • Олимпиада
  • Осознанный гражданин
  • Отандық өнеркәсіп
  • Отчетные встречи с населением
  • Отырыс
  • ОЧС
  • Өзекті
  • Өнеге
  • Өнер
  • Өңір
  • Өңір тынысы
  • Памятная дата
  • Партийная система
  • Партия бастамасы
  • Патриоттық тәрбие
  • Полиция бөлімінен
  • Послание Президента РК — 2025
  • Потребителю
  • Праздник
  • Праздничная дата
  • Праздничный дайджест
  • Продовольственная безопасность
  • Профессиональный праздник
  • Рабочая повестка
  • Рабочий визит
  • Развитый регион
  • Регион
  • Региональное сотрудничество
  • Региональный кадровый резерв
  • Редакция поштасынан
  • Ресми сапар
  • Республикалық оқу-жаттығу
  • Референдум
  • Рухани қазына
  • Руханият
  • Сайыс
  • Салауатты өмір салты
  • Сельское хозяйство
  • Семейный досуг
  • Семинар
  • Сказано-сделано
  • СМИ
  • Социальная защита
  • Специалист предупреждает
  • Сплоченная Бородулиха
  • Спорт
  • Спортивные достижения
  • Статистика
  • Стражи порядка
  • Сұхбат
  • Тағзым
  • Тағылым
  • Таза Қазақстан
  • Тамыз конференциясы
  • Тарих
  • Тарихи тұлға
  • Тарихқа тағзым
  • Тарихтан тағылым
  • Творчество
  • Төтенше жағдайлар бөлімінен
  • Трудотерапия
  • Туған жерге тағзым
  • Турнир
  • Тұрғын үй
  • Учительские вести
  • Ұлттық мұра
  • Ұлы Жеңіске — 80 жыл
  • Ұлы Жеңіске 80 жыл
  • Ұрпақ сабақтастығы
  • Ұрпақтар сабақтастығы
  • Финансовая грамотность
  • Халық және билік
  • Халық үніне құлақ асатын мемлекет
  • Халықаралық әріптестік
  • Халықтар достығы
  • Человек труда
  • Шығармашылық кеш
  • ШЫНЫҚСАҢ — ШЫМЫР БОЛАСЫҢ
  • Экология
  • Экологиялық акция
  • Этномедиация
  • Это интересно
e-mail: Borodulihapuls@mail.ru
Адрес: Бородулихинский район, село Бородулиха, улица Тәуелсіздік, 56
  • boroduliha.kz

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Халық және билік
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Денсаулық
  • Білім
  • Ауыл шаруашылық

© 2023 «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС.