Жақында аудан басшысы Айдар Ибраевтың төрағалығымен аудандық әкімдіктің отырысы өтті. Отырысқа аудандық мәслихаттың хатшысы Сәуле Урашева, аудан әкімінің орынбасарлары мен кенттік және округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Әкімдік отырысында аудан әкімі Айдар Ибраев аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Масғұт Нұржан Нұрланұлымен таныстырды. Нұржан Нұрланұлы 1982 жылы 12 сәуірде Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 2003 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетінің қоғамдық-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы болып бастады.
Ұзақ жылдар білім беру саласында түрлі қызметтер атқарды. 2022 жылдың 19 қыркүйегінен бастап Абай ауданы білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.
Аудан әкімдігінің отырысында күн тәртібі бойынша 2023-2024 жылдарға арналған аудандық маңызы бар автомобиль және кентішілік жолдарды қысқы күтіп ұстау барысы туралы Бородулиха ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Эльдар Қоңарбаев есеп берді.
Оның айтуынша, 2023 жылы Бородулиха ауданынның 17 ауылдық және 1 кенттік округтердің жолдарды қысқы ұстауға 58 млн. теңге бөлінді. Ақшалай қаражат округтер арасында біркелкі бөлінді, қарды тазалау бойынша мердігер ұйымдармен шарттар жасалды.
2023 жылы аудан бойынша қарды тазартуға жасалған шарттардың жалпы саны 25 бірлікті құрады. Қар жинайтын техниканың саны 70 бірлікті құрады, олар елді мекендердің көшелері мен аудандық маңызы бар жолдарды (337 км жол) қысқы тазалауды жүзеге асырады. 70 техника бiрлiгiнiң 70 бiрлiгi жұмысты орындады, бұл 100% -ды құрайды: Автогрейдерлер — 1 бiрлiк, аспалы шнекоротерлер — 1 бiрлiк, доңғалақты тракторлар — 25 бiрлiк, тиегiштер — 16 бiрлiк, К-700 тракторы — 23 бiрлiк, шынжыр табанды тракторлар — 4 бiрлiк.
Алдын алу шаралары үшін қар ұстайтын үйінділер мен қардан жасалған қабырғаларды траншеялар орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ 2023 жылы жергілікті атқарушы органның резервінен төтенше жағдайды болдырмау үшін қар шығаруға 30 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді. Бұл сома округтер арасында бөлінген:
2023 жылы төтенше жағдайлар департаментінен 2 бірлік қар жинайтын техника (Урал базасындағы шнекоротор және автогрейдер) «Бородулиха ауданының коммуналдық шаруашылығы» КМК теңгеріміне берілді.
2024 жылға жергілікті бюджеттен елді мекендердің көшелерін және аудандық маңызы бар жолдарды ұстауға 71 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта әкімдіктер мердігерлік ұйымдармен шарт жасасу бойынша жұмыс жүргізуде.
— Ауа райының қолайсыздығына байланысты 2023 жылғы желтоқсанда және 2024 жылғы қаңтарда автокөліктің барлық түрлері үшін облыстық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдары бірнеше рет жабылды.
Бородулиха ауданының аумағы бойынша республикалық маңызы бар 96 шақырым жол және облыстық маңызы бар 272 шақырым жол өтеді. Республикалық маңызы бар автожолдарда қар ұстайтын қалқандар орнатылмайды. Облыстық маңызы бар автожолдарда қар ұстайтын қалқандар бар. Облыстық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетуді «Семей Жолдары» ЖШС жүзеге асырады. Бекітілген техника саны 8 бірлікті құрайды. 3 фронтальды тиегіш, 2 автогрейдер, Камаз базасында 2 КДМ, Урал базасында 1 шнекоротор. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсетуді «Қазсервис» ЖШС жүзеге асырады, тапсырыс беруші – «ҚазавтоЖол» ҰК АҚ. Бекітілген техника саны 12 бірлікті құрайды. 1 фронтальды тиегіш, 2 автогрейдер, Камаз базасында 3 КДМ, Урал базасында 2 шнекоротор, К700 2 трактор, МТЗ 2 трактор. Ауданда 10 ЖҚС бар, оның ішінде 3 — Бородулиха, 1-Жаңа Шүлбі, 1-Песчанка, 2- Жезкент, 1 — Дмитриевка, 1-Коростели, 1-Белағаш ауылдарында. Аудандық маңызы бар жолдарда үздіксіз қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету мәселесі тұрақты бақылауда тұр, – деді бөлім басшысы.
Бұдан кейін Бородулиха ауданының 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған міндеттер туралы Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Қайрат Ахметжанов сөз сөйледі.
Оның айтуынша, 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 69568,7 млн. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 116,4%, оның ішінде: мал шаруашылығы – 23901,3 млн. теңге және өсімдік шаруашылығы — 45667,2 млн. теңге. Мал мен құсты тірі салмақта союға өткізу – 7509,4 тонна немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 102,4%. 50574,7 тонна сиыр сүті сауылды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 111,8%. 9810,2 мың дана тауық жұмыртқасы алынды немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 98,5%. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында өсімдік шаруашылығы 65,4%, мал шаруашылығы – 34,6% құрайды.
Ауылдық (кенттік) округтердің әкімдері мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің нақты көлемінің индексін ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін, ірі қара мал және ұсақ мал басының жалпы санын ұлғайту, сондай-ақ селекциялық-асыл тұқымдық жұмысты дамыту жолымен жеткізілген жоспар-тапсырмаға сәйкес қамтамасыз етуі қажет.
2023 жылы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 42267,7 млн. теңгені, (2022 жылы-27862,6 млн. теңге) құрайды, бұл Абай облысының жалпы инвестициялар көлемінің 7,4% құрайды. 14405,1 млн. теңге сомасына ұлғаю ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің материалдық-техникалық базасын нығайту есебінен қалыптасты, – деді Қ. Ахметжанов.
Оның сөзінше, 2023 жылы ауданда 2771 шаршы метр, 2022 жылы 1753 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 158,1% құрады. 2024 жылы жоспар-тапсырмаға сәйкес, негізгі капиталға инвестициялар көлемін қамтамасыз ету қажет.
— Жеке инвестицияларды тарту (аграрлық сектордың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу, сондай-ақ материалдық-техникалық базаны нығайту және «Востокцветмет» ЖШС құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу), бюджеттік жобаларды (Зенковка ауылында, Белағаш ауылында, Камышенка ауылында көше жарығын орнату; аулаішілік аумақтар мен аулааралық өткелдерді, сондай-ақ Жезкент кентіндегі аллеяларды ағымдағы жөндеу; Жаңа Шүлбі ауылы және Камышенка ауылы көшелерін орташа жөндеу) іске асыру қажет, — деді Қайрат Ахметжанов.
Отырыста 2023 жылға арналған республикалық және облыстық бюджеттерден бөлінген аудан бюджетінің, ағымдағы нысаналы трансферттердің атқарылуы туралы Қаржы бөлімінің басшысы Юлия Сутормина айтты.
Оның сөзіне қарағанда, ауданда мүмкіндігі шектеулі 1067 адам болса, оның 45-і мүгедектер арбасында отырған жандар, 67-і зағип және нашар көретіндер, 13-і саңырау және нашар еститіндер, 106-ы тірек-қозғалыс аппаратынан зардап шегеді. Аудан бойынша барлығы 124 мүмкіндігі шектеулі бала болса, оның ішінде 69 бала мектепте оқиды.
— 2023 жылы аудан бюджетіне 4 млрд. 989,3 млн. теңге жоспарымен 5 млрд. 128 млн. теңге сомасында кіріс түсті, бұл 102,8%-ды құрады. Субвенция мен нысаналы трансферттер 2 млрд. 256,2 млн. теңгені құрады. Аудан бюджеті ағымдағы жылдың өткен кезеңінде өз кірістері бойынша 104,9%-ға орындалды, жоспар бойынша 2 млрд. 608,2 млн. теңге, іс жүзінде 2млрд.736,5 млн.теңге түсті, бюджет профициті 128,3 млн. теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңіне қарай өсу қарқыны 123,5%-ды құрады, түсімдер 521,3 млн. теңгеге өсті. Мемлекеттік мекемелерге бекітілген мүлікті сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, кіріс көздерінің жоспарлы көрсеткіштері іс жүзінде барлық түрлері бойынша орындалды, 6млн. теңге жоспармен 406 мың теңге немесе 6,8% түсті. Ауылдық округтер бюджетінің кіріс бөлігі трансферттер мен субвенцияларды есепке алмағанда, 124,1%-ға орындалды, 217,5 млн.теңге жоспармен 270 млн.теңге түсті, асыра орындау 52,5 млн. теңгені құрады, оның ішінде жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер 14 млн. теңгеге, жеке табыс салығы 13,4 млн. теңгеге және бірыңғай жер салығы 25,5 млн. теңгеге асыра орындалды. Бірақ артық орындағанына қарамастан, барлық әкімдіктер табыс бөлігінің салықтар бөлінісінде орындалуын қамтамасыз еткен жоқ, — деді бөлім басшысы.
Өңір басшысы Айдар Ибраев аудан әкімдігінің отырысын қорытындылай келе, есеп пен ақпараттар бойынша тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берді.
Сұлтан ИБРАГИМОВ